Өлең, жыр, ақындар

Осака университеті

Мемлекет: Жапония

Қала: Осака

Ұраны: 地域に生き世界に伸びる (Live Locally, Grow Globally)

Шынайы аты:  大阪大学 (осака дайгаку), Osaka University

Түрі: Ұлттық университет

Орналасқан жері: Жапония, Осака

Осака университеті Жапонияның беделді жоғары оқу орындарының бірі болып есептеледі. Ол 1869 жылы құрылған, алайда ресми университет дәрежесін 1931 жылы Осака Императорлық университеті ретінде алған. Университет студент саны бойынша Жапония еліндегі ең үлкен мемлекеттік оқу орны ретінде танылған.

Университет құрамында 11 факультет, 7 аспирантура бөлімі, 4 зылыми зерттеу орталығы бар. Университет қабырғасында шамамен 12 000 студент және 8 000 аспирант пен докторант білім алады. Оның 1 000-ға жуығы шетелден келген студенттер.

Осака университеті - әлем университеттері рейтингісінде 43-орынды иеленсе, Жапония университеттері ішінде алғашқы үштікке кіреді.

Факультеттер: әдебиет, құқық, гуманитарлық ғылымдар, шетел тілдері, экономика, жаратылыстану ғылымдары, медицина, инженерлік, фармацевтикалық, стоматологиялық, инженерлік ғылымдар.

Атақты тұлғалары

Хидеки Юкава — Нобель сыйлығының лауреаты

Осаму Тедзука — белгілі жапон мангакасы және аниматоры

Акио Морита — Sony корпорациясының негіздеушілерінің бірі

Осаму Хаяиси — медицинадан Вульф сыйлығының лауреаты

Хейзо Такенака — экономист, Коидзумидің министирлер кабинетінің мүшесі

Оқу құны (бір академиялық жылға):

Бакалавриат - 6500$

Магистратура - 6500$

Құқық мектебі - 9650$

Оқуға түсу талаптары (бакалавриат):

* Жас 18-ден жоғары;

* TOEFL (Test Of English as a Foreign Language): Paper Based — кемінде 500 балл, Internet Based — кемінде 61 балл;

* ЖОО-да, колледжде немесе 11 сыныпта ағылшын тілі, математика, тарих пәндерінен сабақ берген мұғалімдерден 2 мінездеме алу;

* Орта білім алғанын куәландыратын аттестат;

* Барлық құжаттарды жапон тіліне аудару (нотариус куәландыруымен);

* Қабылдауға сұраным беру;

* EJU (Examination for Japanese University) алғашқы сынағын тапсыру;

* Сұраным беру үшін алым төлеу - 204$, медициналық сақтандыру жылына - 240$.

Оқуға түсу талаптары (магистратура, доктарантура):

* ЖОО дипломы;

* TOEFL (Test Of English as a Foreign Language): Paper Based — кемінде 500 балл, Internet Based — кемінде 61 балл;

* ЖОО оқытушыларынан 2 мінездеме;

* Транскрипт;

* Барлық құжаттарды жапон тіліне аудару (нотариус куәландыруымен);

* EJU (Examination for Japanese University) алғашқы сынағын тапсыру.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Ерлан

Ойланатын нәрсе екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар