Жапониядағы Эшима Охаси көпірі — Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Жапониядағы Эшима Охаси көпірі бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
Көпір Сакаиминато және Мацуэ қалаларын қосып тұр. Оның ұзындығы 1,7 километр, ал ені — 11,3 метр.

Бұл көпірлер "қатты құрылымды" көпірлер арасында әлемде үшінші орында.

Көпірге алыстан қарасаңыз оның үстінен жүріп өту - барып тұрған ақылсыздық сияқты.

Машиналар сырғанап кететін секілді. Астынан кемелердің өте алуы үшін осынша биік етіп жасалған.

Шын мәнінде Эшима Охаси көпірі - қауіпсіз көпір. Түсу бұрышы өте үлкен емес, бар мәселе көпірге қарау бұрышына байланысты. Жол жақтан қарасаңыз көпір тау секілді.

Эшима Охаси көпірі Танто автокөлігінің жарнамасында теледидардан көрсетілді. Видеода оптикалық иллюзия қолданылып, әсерлі трюк жасалынды. Осының арқасында көпір танымал болды. Видеода көпірдің көлбеулігі өте үлкен болып түсірілген. Көрермендер көпірге көтерілу мен түсу бұрыштарының үлкендігін көреді. Осы әсер арқылы Дайхатсу компаниясы өздерінің минивэндерінің қуатын көрсетпекші болды.
Бұл бетте Жапониядағы Эшима Охаси көпірі тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Қызықты әрі пайдалы деректер бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
Дариға
жапондар мықты халық