Дания мен Швеция арасын Эресунн бұғазы бөліп тұр. Картадан қарағанда бұғаз жіңішке болып көрінеді, ал шын мәнінде оның ені 16 километрге тең. Алдын екі ел бір-біріне паромдар арқылы қатынайтын, бірақ оған уақыт көп кететін. Сол себепті көпір салу шешімі қабылданады. Сәулетшілер бар өнерлерін салып мәселені тамаша шешкен сияқты.
Көпір төрт жолақты автомагистраль мен темір жол бар екі деңгейден тұратын ғаламат құрылым болып табылады.
Ол жасанды аралда аяқталып, жер асты тунельге кіріп кетеді.
Жақын орналасқан Копенгаген әуежайына қонуға келе жатқан ұшақтарға кедергі жасамау үшін және кемелерге еркін, кедергізіс өтулері үшін осындай ерекше құрылым таңдалған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Түлкібас
Керемет, инженерия деген осы!
Anar
Қалай жетіскен халық! Қазақстанда да осындай алып құрылыстар қашан болады екен?
muslim
Дамыған мемлекеттер екенін осыдан аңғаруға болады