Эссе және өлең-жыр байқауы

Кнуд

Ұлы Кнуд Англия мен Данияның, Норвегияның, сондай ақ Швецияның бір бөлігінің викинг патшасы болған. Дат патшасы - I Свен Велобородыйдың ұлы.

Ұлы Кнуд

Кнуд ағылшындармен бірнеше рет шайқасып, 1016 жылдың қазан айында оларды түбегейлі жеңді.

1016 жылдың қарашасында Кнуд Англияның патшасы болып жарияланды.

Кнуд таққа құқығын орнықтыру үшін II Этельреданның жесірі - Эмма Норманскаяға үйленді. Осылайша, ол Англия мен Нормандия арасындағы байланысты одан әрі күшейтті. Эмма екеуінен туған ұлдары - Хардекнутты өзінің мұрагері етті.

Өзі билік еткен тұста Кнуд Англияны даттық үлгіде - Уэссекс, Мерсию, Шығыс Англия және Кортумбрия деген төрт аймаққа бөлді.

Үлкен ағасы қайтыс болған соң Кнуд Дат тағын мұрагерлікке алды да, өзі Англияда отырғандықтан әпкесі Ульфаның күйеуін регент етіп тағайындады.

Регент Данияны толығымен өзі билеуге ұмтылды. Осы тұста Норвег патшасы - II Олаф пен Швед патшасы - Анунд Якоб Данияға басып кіруге шешім қабылдады.

Кнуд 1026 жылы Данияға оралып, норвег-шведтің біріккен флотын жеңді. Бұл Кнудтың Норвегияны жаулап алуына (1028 жылы), сондай-ақ Швецияның орталық аудандарын уақытша бағындыруға жол ашты. Осылайша, Кнуд біраз уақыт Швецияның да патшасы болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...