Зұлымдықтың зардабын көрмеген адам зұлымдық етеді — Мотивациялық мақалалар бөліміндегі материал.
Материал — Әмір, Иран, патша, Иран патшасы — осы тақырыптарға байланысты.
Иранның әміршісі Нуширауанның әділдігі бүкіл әлемге тараған болатын. Бір күні алдына келген Қытай елшісі мұншалықты әділетті болуының себебін сұрайды. Нуширауан былай деп айтып береді:

«Бала кезімде әкем мені оқыту үшін бір мұғалім жалдаған. Бір күні сол ұстазымнан аты-жөні жоқ таяқ жедім. Бұл оқиғаны ешқашан ұмытпадым. Таққа отырғаннан кейін сол бала кезімдегі ұстазымды шақыртып неге себепсіз ұрғанын сұрағанымда, ұстазым:
Сарайда, әміріңде қызметшілер, бір қолың майда, бір қолың балда, молшылықта өсіп жатқан едің. Не қаласаң алдыңа әкелініп жатты. Әкеңнен кейін сенің әмірші болатыныңды білетін едім. Зұлымдықтың қандай болатынын көрсін, өмірінде бір рет болса да зұлымдықтың зардабын басынан өткерсін сонда басқаларға зұлым етерде зұлымдықтың жамандығы есіне түсер деп ойладым. Өйткені таяқ жеудің ауыртпалығын білмейтін адам басқаға қол көтеруден тайынбайды. Еш қиыншылық көрмей өскен адам мейірімнен махрұм болады, адамдарға қиыншылық беруді қалыпты нәрсе деп санайды. Кедейлік көрмеген адам сараң болады. Саған бұл сабақ болды. Қазір сен адамдарға жомарттық танытып әділетпен мәміле етудесің.»
Бұл бетте Зұлымдықтың зардабын көрмеген адам зұлымдық етеді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Мотивациялық мақалалар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Зұлымдықтың зардабын көрмеген адам зұлымдық етеді материалы Мотивациялық мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Нұрлан
ұстазының сылтауы күшті болған екен) Бірақ шынымен де қиындықты көру керек немесе ең болмағанда есту керек
Дархан
Ұрудан басқа амалы жоқ па?)