Біздің осы күнге саналы, көзі ашық, көкірегі ояу азамат-азаматшалар болып, ғылым мен өнерді, білім мен адами қасиеттерді бөле жармай, жұдырықта жұмылдырып ұстап келгеніміз – мәдениет атты терең ұғымның арқасында. Мәдениет ұғымы адаммен, заманмен тығыз байланысты. Адамның дамуын жеделдеткен, ой-өрісін ұлғайтқан – мәдениет. Мәдениет – уақыт нәтижесінде пайда болып, ғасырлар бойы толыққан, адамзат тұрғызған зәулім сарай іспеттес. Замана ағысымен мәдениет шеңбері кеңеймесе, тарыған емес.
Адам баласы ежелгі заманнан бері біршама тыйымдарға, белгілі бір ұстанымдарға сүйеніп, Жер ғаламшарының тұрғындарына ортақ мәдениетті қалыптастырды. Сан жылдарды артқа тастаумен қатар мәдениет сөзінің ауқымы да ұлғая берді. Сонау байырғы дәуірлерге шолу жасасақ, ежелгі дәуір адамының өзі бейсаналыққа жол бермей, өз бетімен керек қару-құралдарын дәлдікпен даярлап, жануарларды қолға үйретіп, шаруашылық пен егіншілік ісін қолға алғанына қарап сол кезден-ақ мәдениетті дамытуға қадам жасағандығын аңғара аламыз. Уақыт өте келе мәдениет бір қалыптан шығып, екінші бір жаңа қалыпты құрайтын болды.
Мәдениетті білім, философия, психология, этика, эстетика сөздерімен байланыстырамын. Себебі, мәдениет әркез даналықты, әсемдікті, тұрақтылықты талап етеді. Бұл ұғымдар бірін-бірі қашан да толықтырып тұрмақ. Мысалға, біз «мәдениетті адам» дегенде, көз алдымызға қандай адамды елестетеміз? Дұрыс, сауатты сөйлеп, ұқыпты жүріп-тұратын, адами құндылықтары, өзіндік ұстанымы, өмірлік бағдары бар адамды ойымызда құрастырып шығарамыз. Біз мәдениетті адамды қалай бағалы көреміз, қазіргі кезде мәдениет сөзінің мәні де соншалықты құнды келеді. Осы орайда сауатты жазып, дұрыс сөйлеуді, жөнді жүріс-тұрысты мәдениеттің алғышарттары деп айтсақ әбден болады.
Мәдениет сөзіне синоним етіп салт-дәстүрімізді, түрлі тыйымдарды, әдеп-ғұрпымызды алуға болады. Себебі, қос ұғым да саналы адамды қалыптастыруға себепші. Адам мәдениетке жүгіну арқылы тұтас бір дәуірді бейбіт құра алады, ал мәдениет адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты берік ұстап тұруға қауқарлы. Адам мәдениетті болса, мемлекеттің мәдени ошаққа айналғаны. Мәдениет арқылы біз рухани, материалды түрде байимыз. Әр маман өз ісінің шыңына шықса: ақын жан тебірентер өлеңімен, режиссер сапалы фильмімен, жазушы мағыналы шығармасымен және осы сықылды басқа білікті мамандар өз туындыларымен қоғамды рухани сусындатып, материалды тұрғыда өзіндік үлесін қосып, мәдениеттің өрмегін тоқымақ.
Авторы: Сахи Аружан, Қамат Әділет, Пернебекова Гүлназ, Тастанбек Аяулым
Оқытушы: Серғазы Ережепұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі