Әкесіз жетім — жарты жетім,
Шешесіз жетім — анық жетім.
*** *** *** ***
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.
*** *** *** ***
Жетім қозы тез отығар,
Жетім бала тез жетілер.
*** *** *** ***
Жетім жылап күн кешеді, лақ маңырап су ішеді.
*** *** *** ***
Жетімге жеті бидай да тамақ.
*** *** *** ***
Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — хас жетім.
*** *** *** ***
Жетімнің ризығы - жұрттан.
*** *** *** ***
Жетім көрсең, жебей жүр.
*** *** *** ***
Тоғыз жетім бар:
Өмірда ата-анасы жоқ — бала жетім.
Халқына сенімсіз болса — хан жетім.
Хан ақылсыз болса — халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса — әкім жетім.
Суы жоқ — құдық жетім.
Ұлы жоқ — әке жетім.
Қызы жетесіз болса — ана жетім.
Досы жоқ — жігіт жетім.
Шәкіртсіз — ұстаз жетім.
Қажетті сілтемелер:
Сайттағы барлық мақал - мәтелдер
Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер
Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аралбай Нұрсезім
Өте керемет
Инабат
«Жетім сөзіне қатысты мақал-мәтелдер» жинағы қазақ халқының жетімдік пен қамқорлық туралы даналық сөздерін жақсы жеткізеді. Мұнда жетімнің жай-күйінен бастап, қоғамдағы орны мен оған деген адамгершілік қатынас туралы нақыл-сөздер бар. Мәселен, «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз қоғамда туған-туысқа қарамастан, өзгеге көмек көрсетуге шақырады, ал «Әкесіз жетім — жарты жетім» сияқты нақылдар ата-ана махаббатының адам өміріндегі рөлін айқындайды. Осының бәрі қазақтың адамгершілік, мейірімділік пен ортақ жауапкершілік секілді құндылықтарын көрсетеді және оқырманға жетімге қамқор болудың маңызын терең сезінуге көмектеседі.