Өлең, жыр, ақындар

Бабыр-наме

«Бабыр-наме» — түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы — Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.

Бабыр Әмір Темірдің немересі, Ұлы Моғолдар мемлекетінің негізін құрушы, атақты қолбасшы, Ферғананың әмірі болған. Ол Темір әулетінің арасындағы өзара билікке таласта жеңіліске ұшырап, Үндістан аумағына кетеді. Мұнда Үндістанның солтүстік бөлігін бағындырып, Ұлы Моғолдар империясының негізін қалайды. Автор өзінің өмірбаяндық шығармасын «Бабыр-наме» деп атаған. «Бабыр-намада» XV-XVI ғасырлардағы қазіргі Орталық Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан елдерінің тарихы баяндалады. Осы елдердегі билік пен жер үшін болған соғыстар, көптеген елді мекендер туралы мәліметтер жинақталған. Шығармадан Қазақстанның Сырдария, Жетісу бойындағы жерлері туралы жазылған мағлұматтар алуға болады. Мұхаммед Бабыр орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янгикент (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағанын айтып өткен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз