Өлең, жыр, ақындар

Кинцуги: сынғанды жасыру емес, бағалау өнері

Кинцуги – жапондық өнер: сынған ыдыстарды алтын мен күмісті қоспалаған лакпен қайта қалпына келтіру әдісі. Оның философиялық мәні – сыну мен жөндеуді заттың тарихының ажырамас бөлігі ретінде қабылдау. Батыс дәстүрінде бұзылған бұйымдарды бұрынғы қалпына келтіріп, ақауды жасыруға ұмтылса, кинцуги мүлде басқа көзқарасты ұстанады: жарық іздері алтынмен безендіріліп, бұйымның жаңа әшекейі ретінде көрсетіледі

 

«Psychology Today» басылымында кинцуги «сынған дүниелерді алтынмен қайта құру өнері» деп сипатталып, бұзылған заттың қалпына келуін ерекше атап өтетіні жазылған. Қайта жөндеудің күрделі процесі соншалықты, жөндеуден өткен ыдыстың бағасы жаңа, сынбаған нұсқасына қарағанда қымбатқа шығады. Қазіргі кезде кинцуги бүкіл әлемде кеңінен танымал және оның философиясы адамның өмірі де ыдыс секілді екенін еске салады: ауыр сындардан өтіп, жарақат алған сайын бұл қиындықты жеңгеніңнің белгісі, ал жарық іздерің – сол қиындықтарды кешкеніңді айғақтайтын бірегей әсемдігің.

Кинцуги дәстүрі XV ғасырда пайда болған. Аңыз бойынша, аса қасиетті шәй ыдысы сынған Асикага Ёсимаса оны жөндеу үшін Қытайға жібереді. Қайтарылған ыдыс қарапайым темір табыстармен жөнделген еді, Шоғүн бұл жөндеуді әдемі көрмей, алтын мен лак қолдануды тапқан деген әңгіме бар. Содан бері сынған ыдыстарды алтынмен безендіру техникасы шай рәсімінің негізгі бөлігіне айналды. Бұл дәстүр «ваби-саби» ұғымымен тығыз ұштасқан: қарапайымдылық пен уақыт өте келе пайда болған әсемдікті бағалайтын философияға сәйкес, тозу мен кемшіліктер де сұлулықтың нышаны болып саналады. Сонымен қатар жапон мәдениетінде заттарды босқа жоғалтпауға үндейтін «моттайнай» ұғымы бар; кинцуги осы ұғымның шынайы көрінісі: мүлде қажетсіз болып көрінген сынықтарды бастапқыдан әлдеқайда жоғары құндылыққа айналдырады.һ

Кинцуги бізге шыдамдылық танытып, кемшіліктерді сұлулық көзі ретінде көруді үйретеді. Қазіргі мінсіздік пен жасанды сұлулықты насихаттаған заманда бұл философия кері пікір ұсынады: «жарықтарымыз бен кемшіліктеріміз – сұлулыққа кедергі емес, керісінше оған жол ашатын өткелдер». Яғни, жарақаттарымыз бен қиындықтарымыз бізді әлсірете бермейді, керісінше ерекше әрі әсем болуға жетелейді. Сондықтан қиындыққа тап болғанда, сынған кезімізді жасырудың орнына, оны алтынмен безендіріп, ерекше сұлулығын паш етуді үйренейік. Өйткені әр сынықтың артында алтын нұрын күтіп тұрған жаңа өмір жолы бар!

Оқасова Наргиз Даулетқызы

Шығыс Қазақстан Облысы

Глубокое ауданы,Глубокое кенті

О.Бөкей атындағы қазақ орты мектебінің

11 сынып оқушысы

Сурет

https://www.pinterest.com/pin/463167142908879332/

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Wikipedia

Kintsugi - Wikipedia

2. Psychology Today

Kintsugi: The Japanese Art of Being Remade | Psychology Today

3.Veltra

The Philosophy Behind Kintsugi: Finding Beauty in Brokenness - Japan Travel Guide


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар