Әлемге әйгілі 5 тағам - Камила Болатбекқызы

      Әр халықтың өзіне тән ұлттық тағамдары бар. Сол тағамдар арқылы біз халықтың мәдениетін, дәстүрін және өмір салтын тани аламыз. Әлемде кеңінен танылған тағамдар өте көп, олардың кейбірі бүгінде жаһандық деңгейде танымал брендке айналған. Төменде әлемге әйгілі бес тағамға тоқталамыз.

Алғашқы тағам – италиялық Пицца. Бұл – қамырдың үстіне ірімшік, көкөніс, ет сияқты түрлі өнімдер қосылып дайындалатын тағам. Пиццаның тарихы Ежелгі Грекия мен Рим дәуірінен бастау алады. Ал қазіргі классикалық түрі Италияның Неаполь қаласында қалыптасқан. Кейін томат қосылған нұсқасы пайда болып, пицца бүкіл әлемге кең таралды.

Екінші тағам – жапон халқының Суши. Суши күріш пен теңіз өнімдерінен дайындалады. Оның тарихы балықты сақтау тәсілінен басталып, кейін Жапонияда дамыған. Қазіргі заманда кең таралған нигири-сушиді Ханая Ёхэй жетілдірген. Бұл тағам жеңіл әрі пайдалы болғандықтан, әлем бойынша сұранысқа ие.

Үшінші тағам – америкалық Бургер. Бұл – тоқаштың арасына ет, көкөніс және тұздықтар салынып дайындалатын тағам. Бургердің шығу тарихы Германияның Гамбург қаласымен байланысты. Кейін ол Америкада кең таралып, фастфуд мәдениетінің символына айналды.

 

Төртінші тағам – француз Круассан. Бұл – қабат-қабат қамырдан жасалатын жұмсақ әрі дәмді тоқаш. Круассанның түп-тамыры Австриядан басталғанымен, кейін Францияда кеңінен дамып, ұлттық тағамдардың біріне айналды. Бүгінде ол таңғы ас мәзірінің ажырамас бөлігі.

 

Бесінші тағам – Палау. Бұл тағам күріш, ет және көкөністерден дайындалады. Палау Орталық Азия халықтарына ортақ әрі ежелден келе жатқан тағамдардың бірі. Ол тек күнделікті ас ретінде ғана емес, мерекелік дастарханның да басты тағамы саналады. Әлемге әйгілі тағамдар – әр халықтың мәдениетінің бір бөлігі. Олар адамдарды біріктіріп қана қоймай, түрлі елдердің дәстүрі мен тарихын тануға мүмкіндік береді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Камила Болатбекқызы


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз