Мода – қоғамдық-әлеуметтік құбылыс, адамның эстетикалық көзқарасы мен жеке даралығын киім арқылы білдіру мүмкіндігі. Киім тек сыртқы келбет емес, ол адамның мінезін, талғамын және көңіл күйін көрсететін құрал. Сондықтан мода әр кезеңнің рухын бейнелейтін «уақыт айнасы» ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда мода индустриясы қарқынды дамып, әлемдік деңгейде танымал брендтер қалыптасты. Бұл брендтер тек киім шығарумен шектелмей, тұтас мәдени құбылысқа айналды.
Алғашқы бренд – Chanel. Бұл бренд классика, талғампаздық және қарапайымдылықтың үйлесімімен ерекшеленеді. Оның ең танымал өнімдерінің бірі – Chanel 2.55 bag сөмкесі. Бұл классикалық аксессуар тіктөртбұрыш пішінді болып келеді және көбіне жоғары сапалы былғарыдан дайындалады. Уақыт өте келе ол сән әлемінің символына айналды.
Келесі бренд – Puma. Бұл – спорттық киім, аяқ киім және аксессуарлар шығаратын әлемге әйгілі компания. Оны 1948 жылы Рудольф Дасслер құрған. Айта кетерлігі, ол Адольф Дасслердің туған ағасы болған. Екі ағайындының жолы екіге бөлініп, нәтижесінде екі ірі бренд пайда болды. Puma-ның ең танымал өнімдерінің бірі – Puma Suede кроссовкасы. Бұл модель жұмсақ замша материалынан жасалып, ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Ол әсіресе 1980-жылдары хип-хоп мәдениетінде кеңінен танымал болды.
Үшінші бренд – Balenciaga. Бұл бренд сән әлеміндегі батыл әрі ерекше стильімен танымал. Оның басты ерекшеліктеріне эксперименталды дизайн, oversized үлгідегі киімдер және streetwear мен luxury бағыттарының үйлесімі жатады. Сонымен қатар, кейбір коллекциялары қоғамда қызу талқыланып, жаңа трендтердің қалыптасуына ықпал етеді. Balenciaga классикалық стильден гөрі, ерекшелік пен батылдықты таңдаған адамдарға арналған.
Мода – тек киім ғана емес, ол қоғамдағы өзгерістердің көрінісі. Әрбір бренд өз дәуірінің талғамын қалыптастырып, сән индустриясының дамуына үлес қосады. Сондықтан мода – уақытпен бірге өзгеріп отыратын, бірақ өз маңызын ешқашан жоғалтпайтын ерекше құбылыс.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Амангелді Жұлдызай
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі