Қазіргі жастар арасында шетелде білім алу тақырыбы кеңінен талқылануда. Көпшілік үшін бұл – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын үлкен арман. Әлеуметтік желілерде шетелде оқып жүрген студенттердің өмірі қызықты әрі жеңіл көрінуі мүмкін. Алайда оның артында үлкен жауапкершілік пен түрлі қиындықтар бар екенін ескерген жөн.
Шетелде оқу ең алдымен адамды жаңа ортаға бейімделуге үйретеді. Бейтаныс ел, басқа тіл және жаңа мәдениет – мұның барлығы адамның тез есейіп, дербес болуына ықпал етеді. Күнделікті тұрмыстық мәселелерді өз бетінше шешу, уақытты тиімді жоспарлау, оқу мен жұмысты қатар алып жүру – мұның бәрі жауапкершілікті арттырады. Сонымен қатар отбасыдан алыс болу да психологиялық тұрғыдан оңай емес, бұл адамның ішкі төзімділігін талап етеді.
Сонымен бірге шетелде білім алу – үлкен мүмкіндік. Сапалы білім алу, халықаралық ортада тәжірибе жинақтау, шет тілдерін меңгеру – мұның барлығы болашаққа жасалған маңызды инвестиция. Қазақстандық студенттердің шетелде білім алуға деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Мысалы, соңғы деректер бойынша, тек Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзінде ондаған мың қазақстандық студент білім алып жүр. Бұл – жастардың халықаралық білімге ұмтылысының айқын көрсеткіші. Бұл жолдың оңай еместігі анық. Шетелде оқу тек қызықты өмірмен шектелмейді. Қаржылық қиындықтар, тілдік кедергілер, жаңа ортаға бейімделу – мұның барлығы студенттің шыдамдылығы мен табандылығын сынайды.
Көптеген жастар шетелде білім алуға түрлі гранттық бағдарламалар арқылы мүмкіндік алады. Солардың бірі – Болашақ бағдарламасы. Бұл бағдарлама дарынды жастарға әлемнің жетекші университеттерінде білім алуға жол ашады. Сонымен қатар Түркия, Еуропа және Азия елдерінің де халықаралық білім беру бағдарламалары кеңінен қолжетімді. Алайда мұндай гранттарға түсу үлкен дайындық пен жоғары бәсекені талап етеді.
Шетелде оқу тек арманмен шектелмейді. Бұл – мақсатқа жету жолындағы табандылық пен жауапкершіліктің көрінісі. Арман адамды алға жетелесе, жауапкершілік сол жолда берік болуға көмектеседі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әбен Мадина
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі