Қазіргі қоғамда жас ұрпақтың болашағы жиі алаңдаушылық тудырады. Технологияның қарқынды дамуы жастардың өмір салтына айтарлықтай әсер етті: көпшілігі уақытын ұялы телефонға арнап, кітап оқуға деген қызығушылық төмендеп барады. Бұл – тек жеке мәселе емес, тұтас қоғам үшін маңызды дабыл. Кітап – білім мен тәрбиенің негізгі көзі. Қай қоғамда болсын кітап оқитын жастар елдің ертеңіне сенім ұялатады. Себебі білімді әрі ойлы ұрпақ қана мемлекетті алға жетелей алады. Сондықтан жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – тек бір буынның емес, бүкіл елдің ортақ міндеті.
Бүгінгі жастар тәуелсіз елде өсіп келеді және олардың дамуына барлық мүмкіндік жасалуда. Әсіресе білім мен кітап оқуға ынтасы бар жастарды қолдау – маңызды бағыттардың бірі. Кітап оқу адамның сөздік қорын байытып қана қоймай, ойын еркін жеткізуіне, сыни ойлау қабілетін дамытуына ықпал етеді.
Мысалы, Абай жолы романын оқу арқылы жас оқырман қазақ халқының тарихын, тұрмыс-тіршілігін және рухани құндылықтарын терең түсіне алады. Бұл шығарма тек көркем туынды емес, ұлттық болмысты танытатын маңызды еңбек.
Сондай-ақ Махаббат, қызық мол жылдар романы жастарға махаббаттың мәнін, адамгершілік пен адалдықтың маңызын ұғындыруға көмектеседі. Мұндай шығармалар жасөспірімдердің өмірлік көзқарасының қалыптасуына оң әсер етеді. Кітап оқу – тек білім алу емес, адамның тұлғалық дамуына жол ашатын маңызды құрал. Әрбір оқылған шығарма жаңа ой қалыптастырып, дұрыс шешім қабылдауға бағыт береді. Сондықтан кітапты өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру – болашаққа жасалған ең дұрыс қадамдардың бірі. Кітап – ұлттың рухани тірегі. Оқитын ұрпақ бар жерде саналы қоғам қалыптасады, ал саналы қоғам – жарқын болашақтың кепілі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Арысбай Нұрай
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі