Қазіргі жаһандану дәуірінде тіл білу жай ғана артықшылық емес, өмірдің маңызды қажеттіліктерінің біріне айналып келеді. Бұрын бір тілмен шектеліп өмір сүру мүмкін болса, бүгінгі күні бірнеше тілді меңгеру адамның мүмкіндігін кеңейтетін маңызды факторға айналды. Осы себепті көптілділік мәселесі қоғамда жиі талқыланатын өзекті тақырыптардың бірі.
Бүгінде әлемдегі ақпараттың басым бөлігі шет тілдерінде, әсіресе ағылшын тілінде таралады. Ғылыми жаңалықтар, жаңа технологиялар және білім беру ресурстарының едәуір бөлігі халықаралық тілдерде ұсынылады. Мұндай жағдайда бірнеше тіл білетін адам ақпаратты еркін қабылдап, өз білімін шектеусіз толықтыра алады.
Қазақстандағы статистикалық деректер де көптілділіктің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. 2021 жылғы халық санағы бойынша, ел тұрғындарының 44,9%-ы екі тіл біледі, ал 28,6%-ы үш тіл меңгерген. Төрт тіл білетіндер – 1,7%, бес тіл білетіндер – 0,2%, ал алты және одан да көп тіл меңгергендер – небәрі 0,1%. Бұл көрсеткіштер көп тіл меңгерген адамдар санының өсіп келе жатқанын аңғартқанымен, нағыз полиглоттардың әлі де сирек екенін көрсетеді.
Соған қарамастан, жастар арасында ерекше қабілетімен көзге түсіп жүргендер бар. Мысалы, Магда Бекахметова бірнеше тілді еркін меңгеріп, өз қатарластарына үлгі болып отыр. Мұндай мысалдар жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығының жоғары екенін дәлелдейді. Көп тіл меңгеру оңай емес, ол уақыт пен табандылықты талап етеді. Дегенмен оның беретін мүмкіндігі зор. Бірнеше тіл білу – жаңа білімге жол ашу, халықаралық ортада еркін қарым-қатынас жасау және кәсіби дамуға мүмкіндік алу деген сөз. Көптілділік – бүгінгі қоғамның талабы ғана емес, адамның өз мүмкіндігін кеңейтетін құрал. Оны қалай пайдалану әр адамның өзіне байланысты.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әбен Мадина
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі