Өлең, жыр, ақындар

Журналистика - мен армандаған мамандық

Бала күнімнен журналист болуды армандадым. Арманыма жету үшін қатты асықтым. Күні-түні журналистика саласын зерттеп оқумен болдым. Міне, қазір сол арманым орындалды. Өзім қалаған журналистика факультетіне оқуға түстім. Тағыда бір қуантарлығы өзім армандаған
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ университетінің студенті атандым. Оқу барысында түсінгенім: ең әуелі алдыңдағы ақ қағазға, қаламға адалдық керек екен. Өзіңнен көрі ел мүддесі мен Отанның келешегі болашағы әрқашан бірінші орында тұруы тиіс. Менің журналистика саласындағы басты мақсатым:өз қызметімді жемісті атқару. Қазақ журналистикасының өркендеуіне үлес қосу. "Жүрген жері әрдайым нұрлы істер, қаламың мұқалмасын журналисттер!" - дегендей жаңалықтың жаршысы болып, халықтың жақтаушысы боламын. Кез-келген жағдайға аса мән беріп, жеңіл-желпі қарамай оны соңына дейін жеткіземін. Себебі журналисттерді босқа төртінші билік өкілдері деп атамаған. Журналистика бір ғана саланы қамтымайтындығын түсіндім. Сол себептіде журналисттерге яғни бізге жан-жақты білімді болу керек. Бұл саланың маманы болу үшін ең басты керек қасиет ол-сенімділік. Өйткені тыңдарманды сендіру үшін ең алдымен өзіңе өзің сенімді болуың керек. Бұл мамандық мен үшін халық пен қоғам арасындағы алтын көпір секілді. Себебі екеуін байланыстырып тұр. Тек шындықты айтатын, тек әділдікті жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Менің енді қазіргі алға қойған ең басты мақсатым журналистика мамандығының хас шебері болу. Бұл саланың қыр-сырын игеру. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болу. Журналист талантты болса, науқасы да қатты болады. Ауруынан жартылай айыққан журналист – сыншы. Ал егер журналист осы сырқаттың созылмалы түріне шалдықса, жазушы болғаны деп бекер айтылмаған. Егер қажымас қайрат талмас талап көп ізденіс болса белестің ең биігіне қол жеткіземіз.

Калжанова Жансая Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ университетінің 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз