Өлең, жыр, ақындар

Нәубет жылдардың сырын бүккен «КарЛАГ»...

Қарағанды еңбекпен түзету лагері

Қарағанды еңбекпен түзету лагері — 1930 жылы ұйымдастырылған. 1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК «Қазақ еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру туралы» Қаулысы қабылданды. Құжатта: «саяси-шаруашылық және аграрлық-мәдени, Қазақстандағы ОГПУ-дың ерекше мақсаттағы лагерлері Қарқаралы окургіндегі мәжбүр ету арқылы жұмыс істету лагерлері жанындағы үлкен аралас құрылатын кеңшарларды ескере отырып, Халық комиссарлар кеңесі қаулы етеді:

1 - Жер Халық Комиссариатының қорытындысына және ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлер басқарамасының Қоянды жәрмеңкесі аумағы мен құрылыстарынан басқа 110.000 гектар алаңды мерзімсіз тегін пайдалануға деген өтініші қанағаттандырылсын.

2 - Қазақ КСРО Жер Халық Комиссариатына аталмыш лагерьлерге бөлінетін жерді дереу бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсын. Бүкіл жұмыстар Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты арқылы жүзеге асырылсын» деп айтылады.

Қарағанды облысы, Долинка кентіндегі «КарЛАГ» лагері 1930 жылы алғашқыда «Еңбекпен түзеу лагері» ретінде құрылған.

Назар аудар:

Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Әбіләз

Обал ай

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз