Өлең, жыр, ақындар

COVID-19

COVID -19 әлемге зардап шектірген вирустардың бірі. Ол 2019 жылы пайда болып әлі күнге дейін келе жатыр. Осы жылы вирустың пайда болғанына 3 жыл болды. 2019 жыл біздің еліміз үшін өте ауыр жыл болды. Елімізге, халқымызға көптеген қиындықтар алып келді. Қаншама адамдар өмір мен өлімнің арасында жатты. Көптеген адамдар өз жақындарынан айырылды. Жұмыстар мен оқу орындары өз жұмыс істеулерін тоқтатып онлайн форматқа көшті. Қаншама отбасының вирус салдарынан күн көруі нашарлады. Көп адамдардың жиналуына, мереке немесе қандай да бір іс-шаралар жасауына, көңіл көтеруіне тиым салынды. Вирустың қаншама түрлері пайда болды. Күні кеше тағы бір вирустың түрі таралғаны туралы хабар тарады. Ғалымдардың айтуынша ол осыдан бұрын тараған вирустарға қарағанда ең қауіптісі. Осы жағдайларға қарамастан адамдардың еш қорғанусыз жүретініне таң қаламын. Қаншама ескертулер айтылсада еш бетпердесіз жүретін адамдар қаншама. Менің ойымша бұл дұрыс емес, себебі біз қалай әрекет етсек, солайынан барынша тезірек бұл вирустан құтыламыз. Айтайын дегенім қандай жағдай болмасын бұл вирусқа жай қарамай, қорғану шараларын қадағалайық. Қай жерге барсақта  бетперде тағып, арақашықтықты сақтауға тырысайық.

COVID-19-дың адамдарға үйреткені: өмір қысқа, жұмыс уақытша, денсаулық - бұл басты байлық!

т. ғ. к М. Т. Жұмаділ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз