Тексеріліңіз. Дереу дәрігерге қаралуыңыз керек болуы мүмкін.
Әр жыл сайын әр түрлі жастағы 18 миллион адамның ажалы жүрек ауруларынан болып жатыр. Егер жұрт дер кезіде денсаулығында кінәрат барын ескеріп, уақтылы дәрігерге қаралып тұрса, осы өлімдердің талайының алдын алуға болар еді.
Өкіндіретіні сол, бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Жүректің дұрыс соқпауы жеңіл-желпі сырқат немесе организмнің ерекшелігі сияқты болып көрінетіні сирек емес. Мұнда жүрек ауырып жүрген болуы мүмкін екенінен хабар беретін, бірақ әрдайым анық байқала бермейтін симптомдар тізімі бар.
Назар аударыңыздар! 60 жастан асқандар, сондай-ақ артық салмағы бар, диабетпен, гипертониямен ауыратындар және қанындағы холестерин деңгейі жоғары адамдар айрықша қырағы жүргені абзал.
Беделді WebMD медициналық ресурсының сарапшылары бұны жүректе ақау барын білдіретін ең көп кездесетін белгі деп атайды.
Бұның нақты қалай сезілетінін сипаттап беру мүмкін емес. Біреу аздап қана ауырсынуды, екінші біреу — кеудесін бірдеңе басып, сығып тұрғандай сезінеді, тағы біреулер кеудесі қызып тұрғандай, ашып тұрғандай сезінеді. Қайткен күнде де, егер сіз кей-кейде кеуде тұсыңыздан түсініксіз бірдеңе сезіне бастасаңыз, мейлінше тезірек терапевтке қаралып, электрокардиограммаға және жүрек УДЗ-ға (ультра дыбыстық зерттеу) жолдама алуыңыз қажет.
Осылайша біздің басты ағзамызды қанмен қамтитын тамырлардың аурулары немесе басталып келе жатқан жүрек ұстамасы белгі береді.
Егер ауру қатты және бірнеше минуттан көбірек болса, шұғыл жедел жәрдемді шақырыңыз.
Жақсы хабар да бар: кеуде тұсы ауратын кездердің 80-90% жүрекке байланысты емес. Бірақ бұған көз жеткізу үшін дәрігерге көрініп қайтқан дұрыс.
Әрине, асқазан жүрекке қатысы жоқ әр түрлі себептермен ауыруы мүмкін. Алайда, кей кездері ас қорыту жүйесіне қалыптыдан аз қан келіп тұрғандықтан ас дұрыс қорытылмауы мүмкін. Ал қанның дұрыс айналмауы — жүректің нашар істегенінен болады.
Егер себептен себепсіз жүрегіңіз айни берсе, әсіресе кеуде тұсыңыздан жайсыздықты және осы тізімдегі басқа да симптомдарды сезінсеңіз — терапевтке міндетті түрде баруыңыз керек.
Жүректен шығатын нерв талшықтары да, сол қолдан шығатын нерв талшықтары да сигналды мидың бір жеріне жіберіп тұрады. Осының нәтижесінде ми жүрек ауырып тұрғанын немесе сол қол ауырып тұрғанын әрдайым ажыратып біле алмайды.
Егер сіз жаттығу кезінде қолыңызды зорықтырып алсаңыз, оны ұрып алсаңыз немесе сермеген кезде ауыртым алсаңыз, өзіңізді жаман сезінеріңіз анық. Бірақ сол жердегі ауырсыну, оның үстіне қатты ауырсыну жөнді себепсіз-ақ бола берсе, бұл алаңдайтын жағдай. Дәрігерлер бұны инфаркттың классикалық сипмтомы деп атайды.
Америкалық кардиологиялық ассоциация сол қолдағы кенет пайда болған ауырсыну бірнеше минут бойы ауырсынуын қоймаса, жедел жәрдемді шақыруға кеңес береді.
Егер ауырсыну сезімі тез кетіп қалса, бірақ қайталанып тұрса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
Ми қай жердің ауырып тұрғанын анық ажырата алмайтын тағы бір жағдайы — тіс пен жүректің ауыруы. Бақытымызға қарай, тйс пен жақтың ауыратыны салыстырмалы түрде қауіпсіз себептен ауырады: тістің құрттауы, жақ етін созып алу немесе суық тигендіктен… Бірақ себебі жоқ сияқты болып, тіс ұдайы ауыруын қоймаса, кардиологқа көріну керек.
Клиникалық практикада жұртты, кінәрат олардың жүрегінде болғанын біліп алмай тұрып, ауруынан айықтыруға тырысып, тістерін жұлып тастаған жағдайлар болған.
Аяқ астынан әлсіздік пайда болуының себебі көп. Мысалы, тамақтанбағалы көп болды. Немесе сіз ұзақ уақыт отырып-отырып, диваннан жылдам тұрып кеттіңіз.
Алайда бұндай жағдайға ұдайы тап болып жүрсеңіз, тезірек дәрігерге баруға тырысыңыз. Бұндай жағдай жүрек қанды миға керегінше жеткізе алмай жатқанын білдіреді. Бұл жақында болғалы жатқан инсульттің симптомы болуы мүмкін.
Әлсіз жүрек қан айналымын толыққанды қамсыздандыра алмайды. Осы себепті ағзалар мен тіндер қоректік заттардан және оттегінен зәрулік көріп, тарыға бастайды. Аман қалу үшін организм маңыздылық деңгейі төменірек ағзаларға — ең әуелі қол-аяққа — ағатын қанды азайтып, оны маңыздылығы жоғарырақ ағзаларға — жүрекке, миға, өкпеге қарай жіберіп отырады. Ал қол мен аяқ болса...
Сізге әдетке айналған күнделікті іс-қимылдарыңызды атқаруға күш-қайратыңыз жетпей қалады — мысалы, душқа түсудің өзіне шамаңыз келмей, ыдыс-аяқты жуу қиындап, баспалдақпен жоғары қарай жүру қиынның қияметі болып кетеді. Тіпті демалудың өзі денеңізді сергітпей, «кірпік қимылдатудың өзіне ерініп» тұрасыз.
Егер бұндай жағдай сізге таныс болса және бірнеше күннен немесе одан да ұзақ уақыттан бері келе жатса, жүректің басталып келе жатқан ауру-сырқауларын асқындырып алмау үшін, кардиологпен кеңесін алыңыз.
Аяқ пен қолдағы қан айналымы дұрыс болмағанның кесірінен лимфа ағыны — тіндердегі артық сұйықтықтың шығарылуы да — дұрыс болмайды. Бұдан аяққа көбірек зиян келеді. Сұйықтық тері ішінде қордаланып қалып, аяқ домбығып кетеді.
Егер аяқтың ісінуі сіздің ажырамас серігіңіз болып кетсе, бұл жайында терапевтпен немесе кардиологпен міндетті түрде кеңесу қажет.
Көбінесе жөтел — суық тигенде бірге жүретін серігі. Бірақ сіз тиген суықтан екі-үш апта бұрын аман-есен құтылсаңыз, ал бұл симптом кетпей жүрсе, дәрігердің қызметіне жүгінуіңіздің қажеттігі анық.
Кетпей жүрген жөтел аллергияның немесе, мысалы, бронхиттің серігі де болуы мүмкін (бұның көңіл көтермейтіні белгілі). Бірақ кей кездері жөтелді ылғалдың өкпеден шығуын қиындатып тастайтын жүрек қауқарсыздығы қоздырып жібереді.
Жөтелгенде бөлініп шығатын қызғылтым немесе ақ түсті шырыш «жүректік» жөтелге тән нышан болып табылады. Осындай нәрсені байқасаңыз — кардиологқа қарай заулаңыз!
Ентігу (алқыну) — қан құрамында оттегінің аздығын білдіретін алғашқы белгі. Әдетте оның себебі физикалық ауыр іс қимыл болады. Бұлшықетке қимыл-қозғалыс үшін көп оттегі қажет және ол оттегіні қаннан сіңіріп алып отырады. Оттегі жетпей қалмауы үшін ми өкпеге жылдамырақ тыныстауды бұйырады.
Сонымен қатар, ентігіске салмақтың артықтығы, бір орыннан қозғалмайтын өмір салты, көңіл ширығуы (стресс), қапырық үй-жайда болу... апарып соғуы мүмкін.
Бірақ симптом алып бара жатқан себепсіз пайда болып жатса, оның үстіне үнемі шаршаңқы жүретін болсаңыз, кеуде тұсыңызда жайсыздықты сезінсеңіз және осы тізімдегі басқа да белгілер бар болса, кардиологқа баратын уақытыңыз келгені анық.
Оттегі мөлшерінің жеткіліксіз болу ықтималдығы жүрек дұрыс істемей, қан айналымының нашарлап кетуінен болуы мүмкін.
Ұйықтап жатып қорылдау, жалпы алғанда, қалыпты нәрсе. Бірақ сіз өте қатты қорылдап ұйықтап жүрсеңіз, бұл апноэнің — ұйқы кезінде демнің аз-кем уақытқа тоқтап қалып жатқанының белгісі.
Апноэнің жүрек-қантамыр жүйесін бүлдіріп жіберетін әсері бар. Біріншіден, жүрек бұлшықетінің гипоксиясына шалдықтырады. Екіншіден, апноэ адамның басты ағзасының жұмысын қиындатып жіберетін гипертонияның (жоғары қан қысымы) алып кету қауіпін арттырады. Салдарынан артық күш түсетін жүрек-қан тамыр жүйесі кез келген уақытта іске жарамай қалуы мүмкін.
Сондықтан, апноэні емдемесе болмайды. Қалай емдеу керек екенін әуелі терапевтіңізден сұрап біліңіз.
Оқуға кеңес береміз: Қорылдың себептері және одан құтылу жолдары
Жүрек жарылып кетердей сезім әрбір ғашық адамның немесе, мысалы, спринтердің басынан өткен. Тынышың кетіп, толқыған немесе үлкен физикалық күш түскен кезде бұлай сезіну қалыпты жағдай.
Бірақ жүрек аса бір себепсіз-ақ кеудеден атқып шығып кететіндей болған кезде немесе оның соқпай қалып жатқанын сезсеңіз, бұл бір гәп барының анық белгісі. Дереу дәрігерге жөнеліңіз.
Жүрек тамырларының атеросклерозы
Миокард инфаркті және емдік жаттығулар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Асанова Маржан
Рахмет сиздерге,осындай кенестеріңіз үшін
Азиза
Дұрыс ерте ойланып жүру керек, Рахмет
Жазира
Дұрыс айтасыз ауырмаудың жолын іздеу керек
Мөлдір
Кеңестеріңізге рахмет дұрыс айтасыздар
Анар
Рахмет сіздерге пікірлеріңізбен бөліскен үшін рахмет.Сіздерге мың алғыс.
Нури
Жаксы малиметтер берип из....