Тахикардия — жүрек ырғағының шектен тыс (норма – минутына 60-80 соғыс) көбеюі.
Тахикардия физиологиялық, синустық (күшті дене қимылы кезінде пайда болып, тыныш қалыпта өздігінен жойылады) және патологиялық болып бөлінеді. Патологиялық тахикардияның қарынша үстілік және қарыншалық түрі болады.
Қарыншалық тахикардия сырқаттың ең қауіпті түрі, өйткені ол қан айналымының бұзылуымен, шокпен, естен танумен, өкпелердің ісінуімен қатар жүреді. Бұған себеп — жүректің ишемиялық сырқаты.
Қарынша үстілік тахикардияға гипертониялық ауру, жүрек ақаулары, қалқанша без аурулары себеп. Қарынша үстілік тахикардияның белгілері: жүректің жиі қағуы, кеудедегі жағымсыз сезімдер, бастың айналуы, әлсіздік.
Тахикардия ұстамасы кезінде жүректің жиырылуы қатты және аяқасты жиілейді. Жүректің қағуы минутына 150-200 ретке дейін жетуі және бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Ұстамалар көбіне үдей түсетін қорқыныш сезімімен, шаншып ауырумен және әлсіздікпен қатар жүреді.
Тахикардияның пайда болуына көп жағдайда стресс, тоя тамақтану, ішектің желденуі, аллергия, климакс кезіндегі құйылулар себеп. Жалпы, тахикардияның себептері көп, оларды анықтауға төменде көрсетілген белгілер көмектеседі:
— Егер қолды алға созған кезде саусақтар сәл дірілдесе, бұның себебі дәріні тым көп ішу немесе олардың дұрыс таңдалмауы болуы мүмкін;
— Сырқат адам азса, себеп — гормондық дәрілерді шамадан артық ішу немесе тәбетті төмендететін дәрілер ішу;
— Ұстама кезінде науқас қатты терлесе, себеп — кофеинді тым артық тұтыну;
Тахикардиямен бірге жүйкенің қозуы байқалса, бұның себебі темекі тарту, гиподинамия немесе керісінше тым артық дене қимылы болуы мүмкін.
Тахикардияның туындауына сондай-ақ психологиялық күйзеліс, алкоголь, ұйқының аздығы, қатты шаршау ықпал етеді. Бұған қоса ол көптеген күрделі сырқаттар кезінде байқалады. Олар: жүрек бұлшық етінің қабынуы, қандағы қант мөлшерінің азаюы, жоғары қан қысымы, қалқанша бездің шамадан артық белсенділігі.
Қалай болғанда да тахикардияның себебін анықтау үшін дәрігерге барып, егжей-тегжейлі тексерілу керек.
Егер науқастың жүрек қағысы минутына 120 реттен асса, дәрігер шақырту керек. Бұл кезде науқас толық тыныштықта жатуы тиіс. Дәрігер келгенше карвалол немесе валокардин ішуге болады. Одан кейінгі емді тахикардияның пайда болу себептеріне қарай маман дәрігерлер тағайындайды.
В. В. Михайлов, дәрігер-ординатор
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айнұр
Жеңіл тахикардия қауіптіме
Балнур
8-жасар баламада қарыншалық тахикардия 90-184минутына ол қауіпті ме
индира
Оте паидалы кенес