Өлең, жыр, ақындар

Жүрек шамасыздығы

Қазіргі жағдайда қанайналым жүйесі патологиясынан өлім мен мүгедектікке айналу еңбекке қабілетті 40- 60 жастағы адамдардың арасында жиілеп барады. Демек, бұл проблеманың әлеуметтік маңызы күннен-күнге өсіп келеді.

Әдетте, жүрек пен кан тамырларының біріккен қызметі нәтижесінде ағзалар мен тіндер дәл жағдайына сәйкес қажетті қанмен қамтамасыз етіледі.

Толық тыныштық жағдайда организмнің қанға мұқтаждығы мөлшермен минутына 4,5-5 л. Ауыр қол жұмысын атқарғанда бұл мұқтаждық 3-4 есе артады. Мұндай организмнің жағдайына қарай қанға мұқтаждығы өзгеріп тұруы, қанайналым жүйесінде үлкен бейімделу мүмкіншіліктері арқылы қамтамасыз етіледі.

Жүрек-қан тамырының өте нәзік, әрі тұрақты реттелу тетіктері бар. Олар организм денгейінде жүйелік, ағзалық, жасушалық,  молекулалық деңгейде болады. Реттелу тетіктері жүректің кейбір бөліктерінің жұмысын және қан тамырлармен байланысын ғана реттеп қоймай, оның басқа жүйелермен де (тыныс алу және қан) байланысын реттейді. Сондықтан қанайналым бұзылғанда өкпеде зат алмасуы тіндерінде 02-ін пайдалану, сүйек кемігінде эритропоэздің артуы т.с.с. өзгерістер байқалады. Осының нәтижесінде қан айналым жүйесінің кейбір жерлердегі бұзылыстары ұзақ уақыт сыртқы ортаға бейімделген күйінде сақталып тұрады. Егер бұзылу тым үлкейіп, организмнің компенсациялық мүмкіншіліктері азайған немесе әлсіреген болса, онда қанайналымның жеткіліксіздігі дамиды.

Қанайналымнын жеткіліксіздігі белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне келетін жағдай.

Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер 02 мен коректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.

Жүрек шамасыздығы (ЖШ) — жүрек-қантамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерге жеткілікті мөлшерде қан жеткізу қабілетінің төмендеуі.

ЖШ — бұл жүректің қан айдау қызметінің нашарлауы салдарынан организмді қанмен камтамасыз ету қабілетінің төмендеу синдромы.

Жүректің айдау қызметінің төмендеу салдарынан нейрогуморалды жүйесінің белсенділігі жүреді, ол өз кезегінде тамырдың ваконстрикниясына — ағзалардын ишемиясы — сұйыктын іркілуі (судың жиналуы) — әрі карай миокардтың зақымдалуына алып келеді.

Этиологиясы

ЖШ — бұл жүрек қан тамыр ауруларының асқынуы болып табылады.

Ең жиі себебі: ЖИА +АГ (75%), соның ішінде ПИКС, ал қалғаны миокардтың аурулары, соның ішінде ДКМП, жүрек ақауы және т.б.

Өлім көрсеткіші ЖШ клиникалык симптомдары пайда болғаннан соң жылына 25%, ал айқын ЖШ кезінде 6 айда 50 %-ға дейін жетеді. Бұл ЖШ — жүрек-қантамыр ауруларының ең соңғы сатысы (егер науқас осы сатыға дейін өмір сүретін болса, өкінішке орай, науқастардың көпшілігі ЖШ пайда болғанға дейін ерте көз жұмады).

Жүректің айдау қызметінің төмендеуінің және ЖШ пайда болу себептері:

1. Миокардтың зақымдалуы;

2. Жүрекке көлемдік немесе қысымдык күш түсу;

3. Жүректің диастолалық қызметінің бұзылысы.

Патогенезі

ЖШ кезіңде жүректің жиырылу күші мен жүректің айдау функциясының төмендеуінен қанмен адекватты қамтамасыз ету жетіспейді.

Жүректің айдау функциясының төмендеуіне жауап ретінде компенсаторлы механизм қосылады.

Клиникалың белгілері

ЖШ негізгі клиникалық белгілері физикалық білеттіліктің төмендеуі, әлсіздік, шаршау, ентігу периферияльщ ісіну, тахикардия, цианоз.

Ентігу — қанайналым жетімсіздігінен ағзалар мен тіндерде 02 азайып, СО2, газы көбейеді зат алмасу бұзылып, метоболизмдік ацидоз дамиды. Осыдан артық С02 газы мен қышқыл өнімдердің қанда жиналуы, 02 аздығы тамыр қабырғасындағы хеморецепторларды тітіркендіру арқылы мидағы тыныс алу орталығын қоздырады.

Цианоз — ҚЖ-нен тамырларда қанның ағу жылдамдығы баяулап, қанда тотықсызданған гемоглобиннің артық жиналып қалуынан дамиды. Сол себептен саусақ ұштарында, мұрында, бетте, еріндерде көгілдір түс пайда болады. Бұл акранианоз деп аталады.

Тахикардия — қанайналым жеткіліксіздігінен қуыс көктамырларда және оң жүрекше қуысында, қан іркіліп жиналып қалады. Осыдан Бейнбридж рефлексі бойынша симпатикалық нерв жүйесінің қозғыштығы ұлғаяды, тамырлардың қимылдық орталығы қозады. Жүрек соғуы жиілеуінің белгілі мөлшерде бейімдеушілік маңызы бар. Бұл кезде тамырлардың ішінде қанның ағу жылдамдығы ұлғаяды, ағзалар мен тіндерге оның тасымалдануы жақсарады.

Ісіну — организмде сұйық пен Nа+ иондарының жиналуы салдарынан пайда болады.

Алғашкы ЖШ сатыларында жасырын ісіну болады, өйткені денеде 5 л-ге дейін сұйыктың жиналуы жай көзге байқалмауы мүмкін. Ісінудің даму жолдарында қылтамырларда қан қысымның көтерілуі (жүрек жетімсіздігі кезінде ол сынап бағанасы бойынша 25-40 мм-ге дейін көтеріледі, к.ж. 20-25 мм), олардың қабырғалары өткізгіштігінін жоғарылауы, қандағы белоктар деңгейінің азаюының, оның тамыр сыртына шығып кетуінен және бауыр кызметінің бұзылуынан онкотикалық қысымның төмендеуі маңызды. Сонымен қатар ЖШ кезінде бүйрекке ағып келетін қан азайғандықтан, Ренин-ангиотензин өндірілуі көбейеді де, сол арқылы бүйрекүсті бездерінде альдостерон түзуі артады. Гипоталамустың артқы бөлігіне антидиурездік гормонның өндірілуі көбейеді. Осылардың нәтижесінде Ыа иондары мен Н20-дың бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілуі көтеріліп, организмде жиналып қалуына әкеледі. Бұл кезде калий иондары зәрмен көп шығуына байланысты оның қандағы деңгейі төмендейді де гипокалиемия дамиды.

Жүрек шамасыздығы клиникада 2 түрге бөлінеді:

1. Сол қарыншалық;

2. Оң қарыншалық.

ЖШ клиникалық белгілері

сқжш

оқжш

Күш түскенде пайда болатын ентікпе

Ортопноэ

Жүрек астмасы

Өкпе ісінуі

Кардиогенді шок

Мойын венасының ісінуі (ЦВД)

Гепатомегалия

Ісіну

Ортопноэзсыз ентікпе. тахи пноэ

Аспаптың зерттеулер

ЖШ кезінде гемодинамикалық бұзылыс дәрежесін және миокардтың функционалдық жағдайын бағалау мақсатында аспапты әдісті қолданамыз.

Негізгі аспапты әдіске:

1. ЭКГ;

2. Рентгенологиялық зерттеу;

3. ЭХОКГ жатады.

Нақтамалау қиындағанда көрсеткіш бойынша радионуклидті әдіс, компьютерлік томография қолданылады.

Жүрек шамасыздығы кезінде жүректің систолалық және диастолалық қызметі бұзылады.

Систолалық дисфункция кезінде: миокардың жиырылғыштығы төмендеп, айдау фракциясы (АФ) мен жүректің айдау қызметі азаяды. Көптеген жағдайда жүректің көлемі: соңғы диастолалық көлем (СДК) мен соңғы систолалық көлем (ССК) ұлғаяды.

Диастолалык дисфункңия кезінде:

1.  ЖШ клиникалык белгілері;

2. АФ 45%-дан көп;

3. Сол қарыншаның қалыпты көлемі (СДК және ССК);

4. Сол қарыншаның концентриялық гипертрофиясы;

5. Допплер ЭХОКГ кезінде диастолалық толудың бұзылу белгілері; Аспаптық зерттеулер ішінен ЭХОКГ-ның көмегі аркылы ауқымды ақпарат ала аламыз.

ЭХОКГ-ны жүргізу аркылы: жүректің зақымдалу дәрежесін және миокардтың функционалды жағдайын: жүрек қуысының өлшемін, қарыншалар кабырғасының қалыңдығын және айдау фракциясын біле аламыз. Допплерография көмегімен диастолалық функция көрсеткішін бағалауға болады.

Емдеу тәсілдері

Алдымен ЖШ пайда болу себебін анықтау керек. Егер де: жүрек ақауы болса, хирургиялық коррекция жүргізу, сол сияқты констриктивті перикардит кезінде перикардэктомия, аневризмэктомия жасалу керек. ЖШ қай аурудын асқынуы болып табылады, негізгі сол ауруды қарқынды түрде емдеу керек. Емдеу шаралары кезіндегі ең маңыздысы — салмақты қалыпқа келгіру және тұзды тағамды шектеу.

Дәрі-дәрмекпен емдеу

ЖШ емдеуде негізінен 4 дәрілік тобын қолданады, яғни ИАПФ, диуретиктер, В блокатор және жүрек гликозидтері.

ИАПФ және В бл препаратын ЖШ ерте сатысында тағайындау өлім көрсеткішін 2 есеге төмендетеді.

Бұдан басқа қосымша сниронолактон (верошпирон) қолдануға болады. Көрсеткіш бойынша гликозидгі емес инотропты препараты және аз дозадағы антикоагулянтты препараттар тромбоэмболияның пайда болуына кедергі жасайды.

Систолалық дисфункция негізіндегі ЖШ-ның барлық сатысында ИАПФ препаратын тағайындау негізгі көрсеткіш болып табылады.

Бұл препаратты тағайындауда Гипотония қарсы көрсетілім болып табылмайды. Систолалық артериалды қысым сынап бағанасы бойынша 90 мм-ден төмен болған жағдайда ИАПФ препаратын абайлап тағайындаған жөн.

Егерде науқастың қандағы артериялық қан қысымы түсіп кетпей, өзін өзі жақсы сезінсе, препарат дозасын біртіндеп ұлғайту керек.

Егер науқас диуретик қабылдап жүрген болса, онда ИАПФ препаратын тағайындар алдында диуретик мөлшерін азайту немесе 1-2 күн үзе тұру керек.

Егерде ИАПФ препаратын (каптоприл, эналаприл, диротон) тағайындауға қарсы көрсетілім болса, науқасқа ангиотензин II рецептор блоктарын қолдануға болады (лосартан, вальсартан т.б.)

Соңғы 25 жылда созылмалы ЖШ кезінде В-блоктарды қолдану жақсы нәтиже беруде.

Диуиетиктер — бұл препарат перифериялық ісіну немесе айқын ентікпе пайда болған кезде тағайындалады.

Диуретикті тағайындаудағы мақсат  — сұйықтықтың іркіліп қалуын болдырмау (әсіресе өкпедегі іркілістің алдын алу).

Диуретик қабылдап жүрген науқастарға ИАПФ тағайындалады, өйткені диуретик Ренин-ангиотензин системасының активациясын шақырады. Диуретикті ИАПФ-тен 2 сағат бұрын ішу керек.

Науқастағы ентікпе дәрежесіне және ісіну мен салмаққа байланысты диуретик мөлшерін өзгертіп отырады.

Жүрек гдикозидтерін тағайындау да ең негізгі көрсеткіш жүрекшелер дірілі, сонымен қатар егерде науқасқа тағайындалған ИАПФ +В бл+ диуретиктер әсері жеткіліксіз болған жағдайда қолданады.

А. Х. Каметова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз