Компьютер мен қалта телефондарына қарағанда адам миының сақтау сыйымдылығы шексіз. Бір адамның ғұмырына жетер мәліметтерді алады, сыйғызады. Тек есте сақтау қабілетін жақсы ұстап тұру үшін және жаңа мәліметтерді ұмытып қалмау үшін адамға толыққанды дұрыс ұйқы қажет.
Шаршау және апатия сезімі тек эмоциялар мен сезімдердің әсерімен пайда болады. Ми жұмысы кезінде ми арқылы өтетін қанның құрамы өзгермейді.
Ғашық болу — адамның ішкі рухани күйі деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ адам ғашық болғанда мида өзгерістер болады. Егер МРТ түсірсе, суреттерде жағымды сезім тудыратын нейромедиатр — дофамин бар аймақтардың қалай «жарық» екенін байқайсыз.
Мида ауырсыну рецепторлары жоқ. Олар ми қабықтарында және қан тамырларында ғана болады. Мысалы, адамның басы ауырған кезде мидың өзі емес, оны қоршаған тіндер ауырады.
Ми — ең көп майды қамтитын орган. Сондықтан оның саулығы үшін пайдалы майларға (омега-3 және омега-6) бай диета өте қажет. Пайдалы майлар ми жасушаларының қабырғаларын нығайтады, сонымен қатар майда еритін витаминдерді тасымалдайды және сақтайды.
Адамдардың 70% жағымсыз ойлайтыны дәлелденген. Сонымен қатар, мида секунд сайын 100 000-нан астам химиялық реакциялар жүреді.
Жүйке жасушалары жұмыс істеуі және өмір сүруі үшін осы екі затты қажет етеді. Егер ми 3-5 минут ішінде жеткілікті мөлшерде оттегі немесе глюкоза алмаса, қайтымсыз зақым пайда болады. Ми жасушаларында әлі де оттегі мен глюкоза бар болса да, ол бірнеше минут бойы өлмейді.
Мидың бір бөлігін алып тастаса, адамның санасына не болатынын ойлап көрдіңіз бе? Белгілі бір бөліктердің резекциясы (дене мүшесінің ауруға шалдыққан бөлігін кесіп алып тастау) мидың кейбір функцияларының жоғалуымен бірге жүреді, өйткені оның әртүрлі бөліктері, шын мәнінде, қолдардағы қозғалыстардан бастап сөйлеуге дейін әртүрлі функцияларға жауап береді.
Шынында да, маңызды функцияларға жауап бермейтін мидың «үнсіз» аймақтары бар. Тек бір қарағанда, бұл аймақтарды резекциялаудан кейін біз адам функцияларын жоғалтпайтын сияқтымыз. Іс жүзінде бос аймақтар жоқ, мидың барлық бөліктері әртүрлі дәрежеде белсенді.
Аталған фактілердің бәріне қарамастан адам миы тек 9% жұмыс істейді деген рас па? Кейбір адамдар мен ғалымдар, тіпті Альберт Эйнштейн де біз миымыздың 9% пайдаланамыз деп есептейді. Ал кейбір ғалымдар бұл миф деп мәлімдейді, өйткені ми тәулік бойы 100% жұмыс жасайды және біз ұйықтап жатқанда да өмір бойы функционалды белсенділікте болады. Бірақ, егер біз интеллектуалды-мнестикалық сипаттамалар (психикалық) туралы айтатын болсақ, онда бұл жеке және ми өрістерінің дамуына байланысты. Адам өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым ол мидың мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Оқуға кеңес береміз:
Cпорт миды тынықтырады - ғалымдар
Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық
Адам миына қатысты 30 қызықты дерек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі