Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ Университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 2021 жыл

Қазақ Ұлттық университеті 1934 жылы құрылғаннан бастап белсенді жұмыс жасап, студенттерді сапалы біліммен қамтуда. Қазіргі кезде де сол жолдан таймай карантин режимін сақтап, офлайн режимінде оқитындар санын азайтып қолайлы графикпен өз істерін жалғастыруда. Екі жылдан астам уақыт онлайн форматта сабақ өткен университет бір жаңарғандай серпінмен 2021 жылы өз жұмысын жалғастыруда. ҚазҰУ-дың ерекшелігі басқаларға қарағанда кең аура мен позитивті көңіл күй. Тек сабақпен ғана шектелмей көптеген ұйымдар және Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіподағы жұмыс атқарады. Студенттер өз тыныштықтарымен және тазалықтарымен өздері айналысып үлкен өмірге қадам басуға дайындалады. Әрине онымен ғана шектелмей «Оңай» жол жүру картасында өздері жасайды. Бұл картамен Сұңқар кәсіподағы айналысса, тыныштыққа Жоғарғы тәртіп сақшы ұйымы жауап береді, ал тазалыққа қарау Студенттік кеңес ұйымына қарайды. Осылайша ҚазҰУ студенттері сапалы білім алып, саналы ұрпақ жалғастыруға жол ашады. Әрине егер сіз немесе танитын адамдарыңыз біздің университетке оқуға тапсырғысы келсе, мына дүниелерді білуі қажет; ҚазҰУ университеті 15 факультеттен тұрады және оның барлығының оқу корпустары ҚазҰУ қалашығында орналасқан, ҚазҰУ тек білімнің емес жан-жақты көрінудің бірден-бір мүмкіндігі, сапалы білім мен өнерлі жастар ордасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Т.Ғ.К Жұмаділ Махаббат Тоқтарқызы,

Қарсыманов Нұрсұлтан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз