31 мамыр – Халықаралық темекі тартумен күрес күні. Темекінің зияндары, темекі индустриясының сауда қолданымы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекі індетімен күресуде нендей шаралар жасағаны турасында мәлімдемесі және дүние жүзінде өмір сүріп жатқан адамдардың салауатты өмір сүру құқықтарын қорғау және болашақ ұрпақтарды қорғау жолында қандай шаралар жасауға болатыны турасында пікірлер айтылатын күн. Бұл күні осы саладағы мамандар темекінің зияндарын және одан сақтану жолдарын адамдарға түсіндіруге тырысады.
* Темекі тартылған жерлерде жаман жене ауыр иіс таралады.
* Теріні зақымдайды және кәрі болып көріну белгілері басталады.
* Тістер сарғаяды, көрінісі лас және жағымсыз болып, қызыл иек ауруы пайда болады.
* Ауыз және жұтқыншақта дәм сезу қабілеті азая бастайды.
* Тамақ және кеңірдекте қабынулар артады.
* Жүрек талмасы қаупіне, тамырлардың бітелуіне, қысымның жоғарлауына себеп болуы мүмкін.
* Ми сал ауруы, қартайғанда алжу (Альцгеймер) байқалады.
* Көзде суқараңғы (катаракта) және қартайғанда соқырлық пайда болады.
* Мұрынның иіс сезу қабілеті азаяды.
* Өкпе қатерлі ісігіне (рак), бронхитке шалдығу қауіпі артады.
* Жыныстық әлсіздікке, тұқым қуалайтын ауруларға жол ашады.
* Қолдарда, саусақтарда сарғаю, тырнақтарда әлсіреу байқалады.
* Остеопороз пайда болады.
* Қол және аяқ тамырларында түрлі аурулар пайда болады.
* Дененің шаршауы, ұйқысыздықа, рухани шиеленіске, стресс және рефлекстердің азаюына себеп болады.
* Бедеулікке, түсікке, баланың мүгедек болып туылуына және уақытынан ерте босануға себеп болуы, менопауза ерте байқалуы мүмкін.
* Жүктілік кезінде темекі тартқан әйелдердің нәрестелері 10-15%-ға салмақтары кем болатынындай, ақыл кемшіліктері де байқалуы мүмкін.
Оқуға кеңес береміз:
Темекінің миға беретін зияндары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бейсек
Темекі тастаңдар