Өлең, жыр, ақындар

Сарымсақ

Сарымсақ — биіктігі 1 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер астындағы түбір түйіні ақ немесе сұр түсті бірнеше майда бөліктерден тұрады. Сабағы жұмыр, ұзынша келген, жіңішке, ұштары сүйір. Гүлдері майда, ақшыл сұр түсті, сабақтарының ұш жағында қолшатыр тәрізденіп орналасқан. Гүл тәжі үш гүл жапырақшасынан тұрады. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Еліміздің барлық түкпірлерінде мәдени дақыл ретінде қолдан егіледі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің түйінін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, азотты қосылыстар, фитостериндер, галлин гликозиді, С, Д, В витаминдері бар.

Халық медицинасында сарымсақты тамаққа тәбет шаптырып, ас қорыту жұмыстарын жақсарту үшін пайдаланады. Сонымен қатар сарымсақтың микробтарды жоятын, несеп айдайтып, ішек құрттарын түсіретін, жүректің бұлшық еттерінің күшін көбейтетін қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді іш өткенде, соқыр ішекке, жоғарғы тыныс жолдары және өкпе қабынғанда емдеу үшін пайдаланады. Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады. Бүйректің және қуықтың көптеген ауруларын, құрқұлақты, безгекті көп уақыттардан бері халық медицинасында сарымсақпен емдеп келген. Ал бүйрекке және қуыққа тас байланғанды, ревматизмді, подаграны сарымсақтың спиртті тұнбасымен емдейді.

Қөптеген зерттеулердің нәтижесінде сарымсақтың құрамынан табылған фитонцид деген ұшпалы заттардың көптеген микробтарды жоятыны анықталды. Сарымсақтың ұнтақталған түбір түйініндегі фитонцидтерді иіскеу арқылы грипті және тамақ бездерінің қабынуын емдейді. Сондай-ақ дене сыртындағы көптеген жазылмай жүрген жараларды, есекжемді, сүйелді емдеуде сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Ол көпшілікке белгілі өт айдайтын аллахол деген дәрінің де құрамына кіреді. Сарымсақты бүйректің кенеттен пайда болған жедел қабынуын емдеу үшін пайдалануға болмайды.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Майдалап туралған сарымсақтың 10 түбір түйінін 1 бөтелке араққа салып 10 күн тұндырады да, жарты шай қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Оқуға кеңес береміз:

Сансыз ауруға ем — сарымсақ

Сарымсақ — ең жақсы антибиотик

Практикалық мәліметтер (асхана)

Бір рет сатып алып, әрдайым өсіруге болатын 8 көкөніс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз