✔️ Сарымсақты қабықтары аршылған соң бір банкаға салып, бетіне зәйтүн майын құйып сақтауға болады.
✔️ Пиязды қуырар кезде бетіне біраз ұн себілсе қараймайды.
✔️ Бәлішті пісіргенде бетінің қызарып пісуін қаласаңыз, қамырдың үстіне жұмыртқа немесе айран жағылады.
✔️ Пеште тауық пісірген кезде бір лимон екіге бөлініп, жартысы бетіне жағылады, ал жартысы тауықтың ішіне қойылады.
✔️ Баклажанның ашысын кетіру үшін, қабығын ашып немесе турап біршама уақытқа тұзды суға салып қою керек.
✔️ Кесілген және ашық ауада қалған пияз зиянды болады. Артылып қалған пияздар стретч пленкаға (ас үйлік жұмсақ рулон кленкаға) оралады.
✔️ Буға жылытылған тауық еті дәмін жоғалтпайды.
✔️ Айранның бүкіл дәрумендері мен минералдары суында.
✔️ Жеңіл күйіктер салқын су немесе мұзбен суытылады. Жеңіл күйген жерге шикі жұмыртқаның ағы жағылып, 5-6 сағат жуылмайды.
✔️ Киімге тиген сияны кетіру үшін, сияның тиген жеріне тіс пастасын жағып, кепкен соң жуылады.
✔️ Картоп суда қайнатылғаннан кейін суық суға салынса, қабығы оңай ашылады.
✔️ Тышқандардан құтылу үшін жүретін жерлеріне қара бұрыш себілсе, тышқандар қашады.
✔️ Тауықты пешке салудан бұрын 2 қасық айран, 1 қасық томат және аздап зәйтүн майын қосып араластырып, тауықтың жан-жағына жағылады.
✔️ Мыстан жасалған ыдыстардың жылтырауын қаласаңыз, оларды сірке немесе лимон және тұзбен ысқалаңыз.
✔️ Қатып қалған етті тең мөлшердегі сірке және сұйық майға салып қойыңыз! Тез арада жұмсағанын көресіз.
✔️ Салат жапырағы және сүтшөптердің жапырақтары пышақпен емес, қолмен туралса витаминдерін жоғалтпайды.
Назар аудар:
Тағамдарды қалай дұрыс сақтау керек
Ас мәзірінде болуға тиіс 8 түрлі керемет азық
Үйге арналған пайдалы кеңестер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Aisana
Оте керек акпарат екен! Рахмет!Сара
Пайдалы кеңестер екен, рахмет!