Өлең, жыр, ақындар

Әртүрлі мемлекеттердегі мектеп тамақтары

Sweetgreen мейрамханалар желісі әлемде мектеп оқушылары қандай тамақ жейтіндерін салыстырды. Мектеп асханалары ұсынатын тамақтардың суреттер топтамасын жинады. Тағам мөлшерін балалар үшін пайдалы және дұрыс жасауға тырысады, бірақ әр мемлекеттікі әртүрі шығады. Суреттерде әр мемлекеттің тамақ жеу дағдыларына мәдениеттері мен ауа райы ықпал ететінін байқауға болады.  Италия мен Оңтүстік Кореяда көкөністерді көп жесе, француздар үшін түсте бір тілім бри норма болып есептелінеді. Ал суық Финляндияда болса түскі ас сорпамен басталады.

 

Италия

Руккола және балық, қызанақ тұздығымен макарон, капрезе салаты (моцарелламен), нан, жүзім.

 

Франция

Сиыр етінен стейк, ірімшік, сәбіз, жасыл бұршақ, жемістер.

 

Оңтүстік Корея

Балық сорпасы, тофу мен күріш, кимчи (ашытылған қырыққабат), брокколи, бұрыш.

 

АҚШ

Тауық еті тұздықпен, картоп пюресі, бұршақ, консервіленген жемістер, печенье.

 

Греция

Тауық еті орзомен (майда макарон), көкөніс салынған жүзім жапырақтары, салат, жемістер, анар қосылған йогурт.

 

Финляндия

Бұршақ сорпасы, бұқтырылған қызылша, сәбіз салаты, құймақ, жаңа піскен жемістер, нан.

 

Испания

Асшаян, ақ және қоңыр күріш, гаспачо (қызанақ сорпасы), көкөністерден салат, нан, апельсин.

 

Бразилия

Көкөністермен шошқа еті, үрме бұршақ және күріш, көкөністерден салат, нан, қуырылған банандар.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз