Әлемде барып көруге тұрарлық орындар өте көп. Дәмін татып көруге болатын ас түрлері де сөзсіз аз емес. Кейбір мейрамханалар тек дәмді тағам және сервисімен емес өзінің ерекше орналасқан жерімен де тартады. Әлемдегі ең керемет жерлерде орналасқан мейрамханаларды бірге тамашалайық.
Grotta Palazzese, Бари, Италия
Кешкі асты табиғаттың өзі жасаған үңгірде ішуге қалай қарайсыз? Теңіз шайып, салдарынан бұл жерде диаметрі 30 метрді құрайтын екі үлкен жартылай дөңгелек «зал» пайда болды. Бір кездері бұл жерде бал және қабылдаулар өткізілген. Ал қазір тамаша итальян тағамдарын ұсынатын мейрамхана орналасқан.
Restaurant le Panoramic, Шамони, Франция
Мейрамхана Францияның Альпілерінде теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте Бреван тауының шыңында орналасқан. Барлық жағынан таудың тамаша көрінісі көз жауын алады. Ал аспаздар қонақтарға жергілікті дәстүрлі түскі ас және басқа да тағамдар ұсынады.
Ithaa Undersea Restaurant, Мальдив
Су астында 5 метр тереңдікте орналасқан мейрамхана 14 қонаққа ғана арналған. Берік шатырдың арқасында мұхиттың әсемдігін 270 градуста кең көлемде тамашалауға болады. Қонақтарға жергілікті және еуропа тағамдары ұсынылады, бірақ келушілердің басты мақсаты ас емес.
Ali Barbour’s Cave Restaurant, Диани Бич, Кения
Кенияға жолыңыз түссе міндетті түрде бұл мейрамханадан дәм татып кетіңіз. Ол төбесі ашық үңгірде орналасқан. Интерьер дәстүрлі африкалық стильде жасалған. Шамдардан түсетін жарық романтика мен таңғажайып әсер береді.
The Sierra Mar Restaurant, Калифорния, АҚШ
Таудан мұхитқа қарап күннің батуын бақылап, тамаша тағамдардың дәмін татқыңыз келсе калифорниялық мейрамхана сіз үшін. Ол Сан-Францискоға жақын табиғи қорықта орналасқан. Нағыз калифорниялық арман!
The River Cafe, Нью-Йорк, АҚШ
Бұл көріністі таныстырмаса да болады, бұл қала миллиондаған адамдардың арманы. Қымбаттылығына қарамастан келуге тұрарлық мейрамханалардың бірі. Қаланың көрінісі өмір бойы есіңізде қалады.
The Samaya Villas Bali, Бали, Индонезия
Бали аралы тамаша жағажайларымен және көріністерімен танымал. Мұхит жағажайы кешкі ас ішуге арналған орын секілді. Бұл мейрамхана аттас қонақ үймен шектесіп жатыр. Мейрамхана әлем тағамдарын ұсынады.
Le Jules Verne, Париж, Франция
124 метр биіктікте Эйфель мұнарасында Париждің ең танымал мейрамханасы орналасқан. Түскі асыңызды ішу барсында қаланың әсем келбетімен де танысып үлгересіз.
Skyline Restaurant, Куинстаун, Жаңа Зеландия
Куинстаун қаласы биіктіктен секіру, яғни рафтинг әуесқойлары мен экстремалдық сауықты жақсы көретіндердің орталығы. Қарныңыз ашса да алысқа барудың қажеті жоқ, секіруге арналған көтергіштің жанында мейрамхана орналасқан. Ол жерден жергілікті табиғат көрінісінің панорамасы айқара ашылады.
Delaire Graff Restaurant, Стелленбос, ОАР
Тағы да бір естен кетпейтін гастрономиялық саяхатты ОАР-да өткізе аласыз. Мейрамханадан Симонсберг тауын және Эстейт жүзім алқабын тамашалай аласыз. Бұл жерден африканың экзотикалық тағамдарынан дәм татуыңызға болады.
Ngorongoro Crater Lodge, Нгоронгоро, Танзания
Танзанияның Нгоронгоро кратерінің шетінде орналасқан қонақ үй мен мейрамхана сізді таң қалдырмай қоймас. Мейрамханадан Африканың ғажайып көріністерін бақылауыңызға болады. Дүрбіңіз болған жағдайда қорық аймағындағы жануарларды да көре аласыз.
The Signature Room at the 95th, Чикаго, АҚШ
Кешкі Чикагоны биіктіктен бақылау осында келген кез келген саяхатшының арманы. Мейрамхана John Hancock Center мұнарасының 95 қабатында орналасқан. Мейрамханадан қала мен Мичиган көлінің керемет көрінісі алақандағыдай көрінеді. Күн бататын уақытта келсеңіз, түңгі Чикаго сізді өз әсемдігімен толық баурап алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі