Мәшһүр Жүсіп: Шығармаларының алтыншы томынан алынды.
Бастау
Жаратқан жоқтан барды тәңір шебер...
Адамға сана берген,
Берген өнер.
Бұл сөзге біреу сенбес, біреу сенер,
Мұны айтқан
Азуы алты қарыс кемеңгер.
Бұл сөздің бұлтартпайтын айғағындай
Көз салсаң өзің туған аймағыңа.
Өткені алты алашқа үлгі болған,
Осында өсіп өнген қаймағы да.
Көңіл сеніп көзің де жетер еді,
Үлгісі сені де алға жетеледі.
Жеткізген сан ғасырға билік сөзін,
Еңбегің елі үшін төккен еді.
Олар да мына сендей бала болған,
Өскенде бір ғажабы дана болған.
Өйткені жас күнінде ойнап жүріп,
Төңірегін тынымсыз оймен шолған.
Ол күнде атымен жоқ кітап деген,
Бірақ та ұрпағының қамын жеген.
Сөзге ұста, қисашыл шал, білгір билер
Әманда алған дейді орын төрден.
Ол тұстың адамдары құйма құлақ,
Әманда шешендерді, ақындарды
Қол қусырып құдайдай тұрар сыйлап.
Үйіне ондай қонақ келе қалса,
Жаятын дастарханың аулын жинап.
Әдетте ондай билер тақ-тақ етіп,
Сөйлер еді тыным таппай тілін безеп,
Билерге ретімен беріп кезек.
Сақалын тұтамдап шал, бала тыңдар,
Құлағы әнге, күйге сөзге елгезек.
Кісі болар кісінің, кісіменен ісі бар,
Деген сөз сонандағы қалған шығар.
Сәуле бар жүрегінде Алла берген,
Үлгілі әуелден-ақ сөзге ұмтылар.
Қағып ап шешен сөзін саңқ-саңқ етіп,
Ауыз жаппай ертесін қайталар ед.
Осылай ой санасы ерте ер жетіп,
Ашылып сала берер жан сарайы.
Ойы өрбіп айналаға зер салады,
Ол тұста әнші, күйші, бақсы балгер
Өнері жас өренге ой салады.
Көргенін санасына тоқып бәрін,
Жырдағы күңіренген елдің зары.
Сол жырлар албырт жасқа ұқтыратын,
Өмірді сырты нұрлы іші сырлы,
Билерді ел билеген жуан қарын.
Халықты қан қақсатқан хан қаһарын,
Шариғатты шала айтар молдаларды.
Қалың елдің ұмытары
Жау жоқта бейбіт елді дүрліктіріп,
Батырдың барымташыл елді бүріп .
Көлеңкесі көлбеңдеп көз алдында
Жатқанын ел ішінің іштей іріп.
Билер тарихынан
Көре жүре өзінше ұғынатын,
Былай деп дәрмені жоқ сұғынатын.
Би деген атағына дардай болып,
Біреуге атын мінгеніне.
Талайы бұл өмірден көшкен еді,
Тұлға жоқта сұлбалар билік айтып,
Нағыз билер келместей енді қайтып,
Көрініп ел түңіле бастағанда
Қазақты заң жолына бастап келген,
Теңеген терезесін патшалы елмен.
Айғақтап мемлекет екендігін,
Сәті еді келер күннен үміттенген,
Есім ханның ескі жолы,
Онан соң Қасым ханның қасқа жолы
Ұзартқан кәдімгідей билер қолын.
Тәуке хан «Жеті жарғы» мұнан кейін,
Танытқан сол билерге оңы-солын.
Нәр алған Майқы бидің бастауынан,
Билікке араласқан талай қыран.
Аса алмай билік шыңның асқарынан,
Түлкінің құйрығындай еткен бұлаң.
Айнымаған би шамасы ед әділдіктен,
Көбінің өңешіне түйе жүкпен.
Өткенін көзі көрген білетін ел,
Айрылардай болғанда ел тіпті үміттен.
Жылжыған заман көші толастамай,
Жылдарда жаратушы төккен арай.
Арғынның аруағы асқан тұс ед,
Белестен асқан асқар талай-талай.
Айдабол сол тайпаның рулы елі,
Ел онда Сырдария жерінде еді.
Айдабол Төлебайдың шаңырағында
Өмірге Едіге атты бір ұл келді.
Едіге Айдаболдың шөбересі,
Бабаның кеңейді деп керегесі.
Қуанды Төлебайдың айналасы,
Не күтіп тұрғандығын сәбиді осы.
Ешкім де білмегені анық еді,
Ал өмір бірде жұмақ,
Бірде тамұқ
Күнде ертең осы бала бағы жанып.
Би болар деген дәме ешкімде жоқ,
Жөргекте жатты ораулы бір жалын шоқ.
Едіге осы еді жөргектегі,
Анасы сүйді, құшты, өбектеді.
Қазақта шыққан екен он сегіз би,
Дегенін Мәшекеңнің көңіліңе түй.
Әркімдер өз бабасын би болғандар,
Елігіп, ел сөзіне ашытпа ми.
Солардың санатына қосылатын,
Сан билер қарсы уәжден тосылатын.
Аузын ашса гулеген ол бір көрік,
Бәйгеге күні жақын қосылатын.
Сөйлейік асықпай да, аптықпай да,
Бабымен байыбымен тосып артын.
Түрт сайтан
Көп еді қазан бұзар елде тентек,
Ойы шолақ боп келер ісі әнтек.
Әр ауылда бір тентек содан қалған,
Айбынын асыратын қамшы, келтек.
Ауылға жол-жөнекей түсе қалып,
Ондайлар шу шығарып әлек салып.
Боқтаған үлкендерді түгін қоймай,
Кезіксе жігіт- желең
Басын жарып.
Болмаса қыз-қырқынды
Шалып қалып,
Өздері тұрады екен масаттанып.
Әлдекім қарсы шығып аузын ашса,
Талқан қып кетеді екен ойран салып.
Тұщы етке ащы таяқ тиген елдің,
Қорғануы заңды ғой қару алып.
Сондай бір шулағанда біреу өліп,
Қалғаны тұра қашты күңіреніп.
Сол сәтте алаяқтың күні туып,
Тепсініп шыға келді жерді теуіп.
-Мына марқұм еді,- деп,- аталасым,
Ішінде аталастың асыл тасым.
Құнын даулап, билік айту менің жөнім,
Тыңдаңдар билігімді мына менің.
Өлген бауырым тірілмес
Мұным анық,
Аттанам бұл ауылдан құнын алып.
Алты жақсы жүз жылқы құн бермесең,
Батырларың кетеді елді шауып.
Сол сәтте әлдебіреу тоқтай қалып:
-Өлтір!- деп қалған еді айғай салып.
Құн даулап, екіленіп тұрған неме,
Сол сәтте тұра қашып болды ғайып.
Тұз себер жаралының жарасына,
Отшашар ағайынның арасына.
Осындай түрт сайтандар әлі де бар,
Күн жаумай батып жүрер қара суға.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен
Сол құнды жоқтайтын да күн кеп жетті,
Бұл хабар сарыарқаны елеңдетті.
Арғыннан Едігеге жүз кісі еріп,
Межелі күн Шуға да келіп жетті.
Ұлы жүз он кісіге бір үй тігіп,
Кіші жүз елең еткен құлақ тігіп.
Ат ізін олардағы салған еді,
Бетке ұстарлар отырды тізе бүгіп.
Үш жүздің іске татыр басшылары
Бойында Шу өзеннің бас құрады.
Ешкім де амандықтан әрі аспады,
Дау-шарға тірі пенде бас бұрмады.
-Намаздыгер боп қапты,-деді бірі,
Сол сәтте ұлы жүзден сойы ірі
Нар жүнінен тоқылған шекпен киген.
Келісті қара кісі
Орта жүзге қарата,
Жайнап түсі
Іркілмеген төкелеп төгіп кеткен,
Өзгеден тілі жатық үні өктем.
Тұрғандай ақ маржаннан шашу шашып,
-Опыр-ау, не деп кетті, не деп кетті?!
Көр кеуде кергенге мәз көкіректі
Астарлы сөзді ұға алмай тұрған сасып.
Тұрғандарды қалдырып өз жайына,
Сөзінің үңілейік орайына.
Ол былай толғап тұрды:
-Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен,
Жеті атасын жетелеп жүрген бар ма екен?
Алмасың болса мойыным бар,
Асылың болса қойыным бар.
Бұл сөзімді ойлай бер,- деп,
Аяғын алға басқан тұста Едіге:
-Ақсақал, кішкене мойныңызды бұрыңыз,
Бізге де бір сәт құлақ түріңіз.
«Киіз кімдікі болса, білек соныкі,
Ауыз кімдікі болса сөз соныкі».
Кен шыққан жеріне қайтып сыймайды,
Сөз шыққан жеріне қайтып сыймайды.
Жарлық өзіңізден болды, жабдық та
Өзіңізден!
-Япыр-ай, сөз ұстанып тұрған бала,
Ізін басар билердің болар дана.
Тіл- көзден өзің сақта, тәңірім,- деп,
Төле би тілек қылды,
Тілегін қабыл қылды хақ тағала.
Әлдекім шалдың жөнін сұрап жатты,
Намазға шыққан үйден жаңа ғана.
-Сен, шырақ, Төле биді білмеуші ме ең,
Ұлы жүзге жасынан болған пана.
Сонда Едіге:
-Үйсін, Төле би, осы болса сөзім тәмам,
Мен біттім, тындым.
Жаратқан жер,
Жаһанды хақ тағалам,
Түзеген істің бетін мың да шүкір,
Етеді құлың саған.
Кәрі би тыңдап тұрған қасын керіп:
-Сөздерің бірі жұмбақ, бірі тұспал,
Дәйек жоқ мінекей деп қолға ұстар.
Жан еді даңққұмар әу бастан-ақ,
Бос сөзге желдей ескен жаны құштар.
Едіге ашып берді жұмбақ сырын,
Қиуы келмей жүрген істің.
-Таң ата Алты атаның ұлы Арғынға,
«Тоғыз» келмек
Алты ат бастан сүйреткен қыл шылбырын.
Төрт атаның ұлы Төруылға,
Шудасы жерге шұбалған.
Көшпенді қазақ құп алған,
Төрт түйені бас қылып.
Тоғыз келмек,
Тағы да оны менен,- деді,- қоса.
-«Жар құны»,
Жалаңаш Қыз келеді.
Төле би тұрды сөздің биігінде,
Бәз біреулер кезінде күйінді де.
Едіге би осы арада ұтқыр ойлап,
Дос- қасты білгені анық сүйіндіре...
Сол биліктен ұрпаққа екі үлгі қалған,
Әр күні атқан таңдай шығар алдан.
Соның бірі: «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен»
Екіншісі жатса Бабыр еңбек,
Көзі тіріде бұл пайым кетер ме естен.
Ол қымбат алтын жиһаз жиған малдан,
Бұл сөзге бабалардан қалған мұра.
Тым құрыса есіңе ал ара-тұра,
Сол сәтте санаң сергіп сала бермек.
Нұр тарап бара жатар байтақ қырға,
Үйсін, Төле бидің билігі қайтарған
Едігенің оған жауабы.
Сүлеймен Баязитов
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі