Сүлеймен Баязитов — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Сүлеймен Баязитов мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Сүлеймен Баязитов шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Сүлеймен Баязитов 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Ж.Шанин ауылында туған. Павлодардағы мал дәрігерлік техникумын және Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

Алғашқы әңгіме, өлеңдері 1962—1963 жылдары «Тың өлкесі» газетінде жарық көріп, содан бері әңгіме, аңыз, повестері аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланып тұрады. 1972 жылы Павлодар қаласында өткен жас ақын-жазушылардвің республикалық, аймақтық Кеңесіне қатысқан. Ақынның «Бастау» (1979), «Жасыбай батыр» (2004), «Құдіреті күшті бір Алла» (2004), «Елсіздегі елес» (2004), «Хан ием» (2004), «Жаралы жердің жанары» (2006), «Көне қазақтың қыңыр қисыны» (2007) атты жинақтары жарық көрген.

Автордың бөлімдері

Туындылары Өлеңдері

Жарияланған материалдар