Дұрыс тамақтануды қолға алған әрбір адам салауатты дене мен сымбатты мүсін үшін әр азықтың өз маңызы бар екенін жақсы түсінеді.
Үйлесімді дұрыс тамақтану кезінде тағамдардың әртүрлі болуына да назар аудару керек. Біз сіздің ас мәзіріңізді жаңартып қана қоймай, ағзаңызға пайдалы болатын керемет азықтардың тізімін жасадық. Бұл тізімді күнделікті тұтынатын азық-түліктің баламасы ретінде ас үйіңізге сақтап қойыңыз.
Жүзім тасы - шарап өндірісі кезінде алынатын, ұнтақталып, нан өнімдерін пісіру кезінде қолданылатын калий тұзы. Оны қамыр илеген кезде ашытқының немесе сода, лимон қышқылы және крахмалдан тұратын аспаздық ұнтақтың орнына пайдаланады.
Егер сіз глютенсіз диета ұстап жүрсеңіз немесе тамақ әзірлеуде ерекше дәмдеуішті пайдаланып көргіңіз келсе, жүзім тасын байқап көру – табылған ой! Оның құрамында темір, магний, калий және йод бар. Енді сіз кекстеріңіздің, құймақтарыңыз бен нандарыңыздың қандай пайдалы болатынын елестетіп көріңіз!
Қазір зәйтүн майын түрлі майлармен алмастыру кең қолданыста. Дүкендердің сөресінде дайын өсімдік майларының түр-түрін табуға болады: бадам майы, күнжіт майы, жержаңғақ майы, кедір майы, пальма майы және тағы басқалар. Олардың әрқайсының өзіне тән қасиеті, ерекше дәмі бар.
Біз сізге кокос майын таңдауға кеңес береміз. Бұл майды суық сығымдау әдісімен ғана алатын болғандықтан, оның құрамындағы пайдалы заттар толық дерлік сақталып қалған. Қыздырып өңдеу кезінде кокос майы канцерогендер бөлмейді. Демек, оны денсаулығымыз үшін алаңдамастан тамақ қуыруға пайдалана беруімізге болады екен.
Сымбатына көңіл бөлетін, тәтті жегіш арулар үнемі шоколад пен құрамында шоколады бар десерттердің орнын алмастыра алатын тағам іздеп жүреді. Негізі, біз шоколадтың (мөлшерінен аспаған, қара шоколад болса ғана) пайдасын жоққа шығармаймыз. Бірақ, егер сіз тәтті калориясын үнемдегіңіз келсе онда кэробты пайдаланып көруді ұсынамыз.
Әуелде кэроб шашыратқыдан (цикория) кейінгі кофені алмастыратын ұнтақ ретінде аты шыққан. Айлауықтың кепкен жемістерінен алынған бұл ұнтақты демдеген кезде жеңіл кофе дәмі бар тәтті сусын алынады. Оған сүт қоссаңыз – нағыз диеталық какао дайын болады. Кэробты шоколад дәмін кіргізу үшін нан өнімдеріне де қосады.
Табиғи өнімдерді ұнататын жандар құрма қантының қасиетін бағалап та үлгерген. Құрма қанты – зиянды ақ қанттың керемет баламасы. Денсаулығыңыз бен сұлу мүсініңіз үшін алаңдасаңыз, онда тағамдарды тәттілегіш ретінде дәл осы құрма қантын пайдаланыңыз.
Құрма қанты дегеніміз...майдалап туралған құрманың дәл өзі! Бұл ешқандай қосымша өңдеуден өтпеген, жүз пайыз таза өнім. Оны шырындарға, нан өнімдеріне, сүзбе мен смузиге қосыңыз.
Зығыр дәні – жақында ғана әйгілі бола бастаған өнім. Бұл керемет дәнді өзін ғана жей беруге болады. Күніне бір-екі қасық зығыр дәнін жесеңіз, ағзаңыз маңызды дәрумендермен және баға жетпес микроэлементтермен, антиоксиданттармен, ақуызбен, омега-3 май қышқылдарымен толығады. Вегандар нан өнімдерін пісірген кезде жұмыртқаның орнына зығыр дәндерін пайдаланды. Ол үшін дәнді алдын-ала уатып, суға салып қоясыз. Сол кезде көпсітілген жұмыртқаға ұқсас керемет қоюландырғыш пайда болады. Оны пайдаланып иі қанған жақсы қамыр илеуге болады.
Гималай тұзын ас тұзына балама ретінде пайдаланады. Оның құрамы үйлесімді тамақтану үшін таптырмайтын, өзіне тән ерекше, қанық дәм беретін түрлі минералдарға өте бай.
Бұл тұзды тағам дайын болардың алдында қосу керек. Өйткені, ол күнделікті жеп үйреніп қалған тағамның өзіне ерекше жаңа дәм береді. Мұндай тұзды мөлдір ыдысқа сақтау керек. Сонда оның әдемі көгілдір түсі асүйіңізге ерекше сән беріп тұрады.
Цитрустың жұпар иісі аңқыған бұл дәмдеуіш пайдалы тағамдарды тұтынатын адамдардың асханасынан міндетті түрде табылады. Лемонграсстың тағы бір артықшылығы – оны өз үйіңізде де өсіруге болады. Ол үшін тек су, күннің нұры және жылу керек.
Лимон шөбі жұмсақ (лимон сияқты қышқыл емес), жеңіл цитрус дәмін беріп, балық тағамдарымен керемет үйлеседі.
Гүлшетен (розмарин) — ертеден келе жатқан әмбебап дәмдеуіш. Қазір кез-келген әйелдің ас үйінен гүлшетен дәмдеуішін табуға болады. Ол барлық көкөніс тағамдарына, ет (құс еті де) және балық тағамдарына керемет дәм береді.
Тағамдарды балғын гүлшетенмен де дайындап көріңіз. Оны түрлі маринадтарға, тағамдарды бұқтыруға, тіпті дастарханға қоятын дәмді тағамдарды сәндеуге де пайдалануға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі