Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік тынысың!

Алматы қаласындағы №33 кітапханада оның басшысы Қуаныш Разаққызының ұйымдастыруымен 15-желтоқсанда «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында мектеп оқушылары, колледж студенттері және Қазақ қыздар педагогикалық университеті студенттерімен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрғанжан Әбеуұлы Төлебаев пен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Құдайбергенұлы Сімтіковпен кездесу кеші болып өтті. Кездесуде еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі және оның тарихи маңызы туралы мәселелер баяндалып, мерекелік ән-шашулар орындалды.

Т.Ә. Төлебаев,  А. Мақсымханова

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз