Ақмия, утаспа шөп (термопсис ланцетный, Thermopsis lanceolata) биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, сабағы түзу, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы сұлап жайқала өседі. Сабағында бұтақтары көп, жапырақтары сұр түсті, кезектесігі, үш-үштен топтала орналасқан. Жапырақтарының бөлшектері сопақша, жіңішкелеу болып келеді. Қосымша жапырақтары сабақтарынан ұзын, сондықтан бұл өсімдіктің жапырақ тамыры бес салалы болып көрінеді. Гүлдері сары түсті, ірі, сабағының үш жағында шоғырланып тұрады. Жемісі — ұзындығы 6 сантиметрге дейін жететін бұршақ сияқты қоңыр түсті әрі жалпақ болады. Ол таулардың, төбелердің тастақты беткейлерінде, тың жерлерде, шөл және шөлейт аймақтарда, ал кейде арамшөп ретінде егістіктердің арасында да өсе береді. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жерге түскен бөлігін, тұқымын жинайды. Құрамында термопсин, гомотермопсин, метилцитизин, пахикарпин, анагирин деген алкалоидтер, илік, қоймалжың заттар, сапониндер, смолалар, С витамині бар.
Ақмиядан жасалған дәрілердің қақырық түсіретін, ішек құрттарын айдайтып қасиеттері бар. Осыған байланысты ол өкпе және жоғары тыныс жолдары қабынғанда ем үшін қолданылады. Құрамындағы пахикарпин атты алкалоидтың қасиеттеріне байланысты қан тамырының (артерияның) кейбір ауруларын емдеу үшін және жатырдың бұлшық еттерін жиырылдыру үшін де қолдануға болады. Ақмиядан жасалған дәрілерді асқазан қабынғанда, асқазанға жара түскенде, кейбір қан ауруларын емдеуге пайдалануға болмайды.
Майдаланған ақмия шөбінің 0,6-1 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып жарты сағат тұндырады да, суытып сүзіп алады. Даяр болған дәріден 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі