Өлең, жыр, ақындар

Итсигек

Итсигек (анабазис безлистный, Anabasis aphylla) — биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді. Түп жағындағы сабағы қатайған қоңыр түсті, жоғарғы жағында жасыл сұр түсті болып келеді. Бұтақтары жұмыр, жапырақсыз. Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, олар бұтақшаларының жоғарғы жағында масақша шоғырланып тұрады. Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі жидек сықылды болып келеді. Ол — улы өсімдік. Шөлді далаларда, сортаң жерлерде қалың болып өседі. Итсигектің жоғарғы жағындағы жас бұтақшаларын гүлдемей тұрғанда орып, жинап алады. Кепкеннен кейін машимамен майдалап, електен өткізеді. Кұрамында анабазин, афиллин, лупинин, афиллидии, оксиафиллидин, оксиафиллин сияқты алкалоидтар бар.

Итсигек медицинада тікелей қолданылмайды. Негізінен алғанда анабазин және афиллин алкалоидтерін алу үшін қолданылады. Анабазиннен РР витамині деп аталатын никотин қышқылы алынады. Ол дене сыртындағы көптен жазылмай жүрген жараларды емдеу үшін қолданылады.

Афиллин гипертония ауруы мен жүрек ауруларым емдеу үшін де қолданылады. Ал анабазин өте күшті улы зат. Оның 2-3 тамшысы кісіні өлтіріп жіберуі мүмкін. Міне, осыған байланысты итсигекпен улану оны жинап жүрген адамдар арасында кездесіп қалып отырады. Кісі уланғанда сілекейі ағып, басы айналады, жүрегі айниды, құсады, жүрегі қатты соғып, дем алысы жиілейді. Аурудың маңдайынан суық тер шығып, денесі тырысады, дем алысы бұзылады. Бұл жағдайларда аурудың асқазанын жуып, құстыратын дәрілер береді, қолдан дем алдырады. Жоғарыда аталғандарға байланысты итсигек жинаумен айналысқан адамдардың уланып қалмауы үшін барынша сақтық шараларын қолданған жөн.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер