Өлең, жыр, ақындар

Алматыда қазақтың белгілі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың құрметіне мурал пайда болды

Муралдың ашылуы ақынның 90 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Бұл арт-жоба Мақатаев пен Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйдің қасбетінде жасалған. Авторлары – муралист-суретшілер Нұрболат Аманқұл мен Абай Сұлтан.

Іс-шараға ақынның ұлы мен келіні – Жұлдыз Мақатаев пен Бақыткүл Айдарова, "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, сондай-ақ, 21 қазанда прокатқа шыққан "Мұқағали" фильмінің түсірілім тобы қатысты.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, картинаны жасауға 5 күн, қабырғаны дайындауға бір апта уақыт кеткен. Сонымен қатар, суретшілер муралды салу үшін 50 литр бояу мен 100 аэрозоль баллонын қолданған. Муралдың мөлшері шамамен 190 шаршы метрді құрайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер