Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - еркіндік тынысы

Қазақ елі өзінің тұғырын қалаған кезден бастап, түрлі қилы замандарды бастан кешірді, қазақ деген азат елге біреуге тәуелді болуы қиынға соқса да, азаттықтың сәтін күтуді тоқтан емес. Тәуелсіздікті аңсау тек қана белгілі адамдардың немесе биліктің емес, бірегей ұлттың идеясы. Ұлтымыз жұмыла көтеріліп, қан мен жанын қиып жеткен бұл тәуелсіздігіміздің құны - ерекше. Мысалы тарихқа көз жүгіртейік. Тарихты "жеңістің адамдары жазады" дейді.  Тарихымызда үш Әбілқайыр болғанын білеміз, бірақ 18 ғасырдың 30 жылдары өмір сүрген Әбілқайырды көбіміз даттап жатамыз. Ал меніңше, оның Ресейге қосылу идеясы дұрыс. Кезінде мектепте оқушы болғанымызда оны даттап, тәуклсіздігімізді тартып алған жауыз деп қарастыратынбыз. Бірақ түп негізінде қазір Қазақ ұлты болып аман отыруымыздың бірден бір себебі осы ханымыз десем де қателеспеймін. Бір жағымызда жоңғарлар, екінші жағымыздан қытайлардың шапқыншылығынан аман қалудың бірден- бір жолы тәуелсіздігімізден белгілі бір мерзімге бас тарту еді. Себебі Әбілқайыр ханның бұл шешімі ұлтымызды сақтап қалды және біздің жоңғарлар сияқты жоғалмай, қазір Тәуелсіз мемлекет болып отыруымыз да осында. Міне, барлық қазақ аңсап, 1991 жылы қол жеткізген тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жылда Қазақстанымыз өз басына жеке тәуелсіз ел болып, басқа мемлекеттерді өзінің тәуелсіздігін мойындатуда көптеген істер жүргізді. Кешегі алғаш қабылдаған Қазақстан- 2050 стратегиясынан бастап, бүгінгі күнге дейін Рухани жаңғыру, Экспо-2017, Қазақстан -2030 сынды көптеген бағдарламаларды іске асырды. Осы орайда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, саясат салаларынан бөлек мәдениетке,жіті, назар аударды. 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық қарсаңында Түркістан қаламыз Түркі елінің Астанасы деңгейіне жетіп, соңғы ханымыз Кенесарының бас сүйегі елге қайтарылмақ. Осындай жақсы жаңалықтармен қарсы алып жатқан бұл мерейтойымыз Қазақ жұртының мәңгі есінде қалатыны айдан анық.

Тұран Университетінің 3 курс студенті - Бектурова Фариза.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз