Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл

Тәуелсіздік – ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдарға қорытынды жасап, МӘҢГІЛІК  ЕЛ болуға бекінген мемлекетіміздің  бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын кезең.

"Тұран" университетінің 3 курс  студенті Елриза Бауыржанқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар