Өлең, жыр, ақындар

Әйелдер басқаша

Ерлер ер адамға ұқсас әйелдерді ұнатпайды, бірақ оларға ұқсамайтындарды да ұнатпайды. Ұнатпай жүре берудің орнына әйел адамның ерекшеліктері мен психологиясына мән беру керек. Әйелдер – басқаша. Нәзік жандылардың ең басты ерекшеліктерінің бірі – құбылмалылығы. Әйел адам ас үйде – аспаз, қонақтардың алдында – патшайым, жұмыс орнында – іскер, құрбыларының жанында – сезімтал. Сонда ол қандай әйел?

Құбылмалылық қасиетінен басқа, оның көп сөйлеуі де бар. Олар 2-3 сағаттап құрбыларымен, анасымен сөйлесе алады. Және бұл ер адамдарды ашуландыруы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда ашуланудың еш себебі жоқ, өйткені әйел адамның көп сөйлеуі бірқатар функциялар атқаруы мүмкін. Әдетте, ер адамдар белгілі бір мағынамен, тезиске сүйеніп отырып сөйлейді. Ал, әйелдер басқаша. Сөйлесу – олар үшін өзінің қандай екенін көрсету, ойын жеткізу тәсілі.

Құрбылардың жиналып, проблемалары жайлы әңгімелесуі – көпке таныс жағдай. Бұл – олар үшін психологқа барғанмен тең. Себебі, олар ішінде ұстап жүрген бар мәселені жеткізе алады, эмоциясын сыртқа шығара алады, сонымен қатар кері байланыс алады. Құрбыларымен кездесу – көптеген әйелдердің сүйікті хоббиі. Және әйел адам осыдан іштей рахаттанады.

Бұл жерде жазылғанның бәрі - шындық, және басқа да шындықтар болуы мүмкін.

Айару Дәулет


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз