Өлең, жыр, ақындар

Журналистика саласының жанрлары

Авторы: Айару Дәулет
Ғылыми жетекші: "Тұран" университетінің аға оқытушысы Әлміш Жадыра Талғатқызы

Аннотация

Мақалада жанр сөзіне түсініктеме берілген. Журналистиканың жанр түрлері көрсетілген. Ғалымдардың пікірлері мен берген түсініктері жазылған. Әр жанр түріне қандай туындылар жататыны көрсетілген.

Кілт сөздер: журналистика, жанр, ақпараттық, сараптамалық, көркем-публицистикалық, жүйе.

Жанр сөзі француз тілінен алынған және ерекше қасиеттерден тұратын мазмұннан біріккен шығарма түрі. Жанрдың да өзіндік түрлері болады. Оның үш түрін атап өтейін. Олар:
1. Ақпараттық;
2. Сараптамалық;
3. Көркем публицистикалық.

Академик Д.С.Лихачевтың айтуы бойынша: "Журналистика жанрлары бір-біріне тәуелді. Олар өзгеріп, біртұтас жүйені құрайды. Журналистика жанрларының жүйесі қоғамның саяси өмірімен біте қайнаса отырып дамиды" [1]. Жүйе сөзі грек тілінен алынған, бөлшек нәрселердің біртұтас болып жиналуын білдіреді.

Біздің кез келген шығарманы, мақаланы, туындыныжазғандағы мақсатымыз - ақпаратты ұсыну. Және осы ақпаратты ұсынудың үш түрі бар. Біріншіден, дәйектерді хабарлау; екіншіден, деректер мен оқиғалардың өзара интерпретациясы; үшіншіден, деректер мен оқиға желісін көркем-публицистикалық жағынан ашу. Бұл ақпарат ұсынудың үш түрі жоғарыда атап өтілген жанр түрлеріне тұспа-тұс келеді. Мәселен, дәйектерді хабарлау - ақпараттық жанр түрі, тағы сол сияқты. Ақпараттық жанрға заметка, репортаж, хабар-ошар, сұхбат, есеп; сараптамалық жанрға комментарий, шолу, корреспонденция, әңгіме; көркем-публицистикалық жанрға фельетон, телерадиокомпозиция, очерк, деректі драма жатады.

М.М.Бахтин айтқандай: "Жаңа пайда болған жанр бұрыннан келе жатқан жанрдың орнын баса алмайды. Керісінше, өзінше реңк беріп, толықтыра түседі. Жанр санын көбейтіп, сапасын жақсартады" [1].

Журналистің шығармасынан оның өзіндік тұлғасы, кәсіби дайындығы, тәжірибесі көрінеді. Шығарма уақыт талабына, баспасөздің, телерадиокомпаниялардың қоғамдық-саяси ұстанымы сияқты факторларға байланысты жазылады.

Тележурналистикада әр түрлі пішіндер болады. Мысалы, ток-шоу, ғылыми-танымдық бағдарлама, ақпараттық-сараптамалық бағдарлама, ойын-сауықтық бағдарлама, конкурстық бағдарлама және тағы басқа.

Қорытындылай келе, жанр журналистика саласындағы маңызды бөлік. Барлық шығармалар, туындылар жанрларға байланысты жазылады. Жанрсыз туынды туынды бола алмайды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз