Өлең, жыр, ақындар

Тілден артық қазына жоқ

Сарсенгалиева Гулайым Бакытжановна         
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы
Ақжайық ауылы Ақжайық ЖОББМ
жанындағы интернат тәрбиешісі  

Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.   

Н. Ә. Назарбаев

Тіл — халықтың алтын діңгегі. Әр халық алдымен өзінің ана тілін сыйлап, мақтан тұта білуі қажет. Халқымыздың бар шежіресі, бар даналығы өз тілімізде жазылады. Тіл-халықтың жаны, сәні десек артық айтқанымыз болмас. Біздің  ана тіліміз — қазақ тілі. ”Қазақ тілі-сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл”деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ана тіліміз — бай тіл. Әр адам өмірге келгеннен бастап өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алу керек деп ойлаймын.

Өз ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылдық, мәдениеттілік, тәрбиешілік өлшемі болып табылады. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттң тілі-оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағын тереңнен толғай отырып, мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы’’деген болатын.

Рас, қазіргі заманда ана тіліміздің шұбарланып, қасиеті кетіп бара жатқаны да байқалады. Біз оған жол бермеуіміз керек. Тілдің шұбарлануы— ұлтқа төнген қауіп.

"Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құр алақан қалады" деп Ғабит Мүсірепов айтқандай мұралармыздан айырылып қалып жүрмейік! Өз тілімізді қастерлеп, қадір тұтайық!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар