Алмаздың шын құны

Басты бет / Әңгімелер, Мақалалар / Алмаздың шын құны

Алмаздың шын құны — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — алмаз, бриллиант, құндылық, Ғибратты әңгімелер — осы тақырыптарға байланысты.

Бір кәсіпкер Оңтүстік Африкадан көлемі жұмыртқадай келетін алмаз сатып алыпты. Сатып алып кейіннен қараса, алмаз жарық, яғни кішкене жарылған екен. Мұны көріп көңілі түсіп кеткен кәсіпкер, не істерін білмей жақын маңдағы зергерге барып ақыл сұрайды.

Алмазды көрген зергер:

- Бұл алмазды жарылған жерінен бөліп, екі бриллиант жасасақ, оның әр қайсысының бағасы алмаздан да қымбат болады. Бірақ мұны екіге бөлу оңай шаруа емес, майдаланып кетсе құнын жоғалтады. Мен мұндай қиын шаруаны істей алмаймын - дейді.

Еңсесі түскен кәсіпкер келесі зергерге барады. Барған зергерлерінің барлығы, дәл осындай уәж айтып, кәсіпкерге көмектесе алмайды. Сонда бір зергер кәсіпкерге, Амстердам қаласында ең мықты зергер бар екенін, алмазды соған апарып көрсетуге кеңес береді.

Кәсіпкер Амстердамға ұшып келіп, әлгі зергерді тауып, алмазды қолына беріп мән-жайды түсіндіреді. Алмазды қолына алып қарап отырып данышпан зергер, бірінші зергердің айтқанын қайталап айтады. Басқа амалы қалмаған кәсіпкер осы зергермен келісіп, алмазды екіге бөлуге шешім қабылдайды.

Данышпан зергер келесі бөлмеден бір жас зергерді шақырып, қолына алмазды беріп, екіге бөліп беруін өтінеді.

Жас зергер алмазды алады да, балғамен бір ұрып екіге бөліп, данышпан зергерге қайтарады. Мұны көріп таң қалған кәсіпкер зергерден:

- Бұл бала сіздің қолыңызда неше жыл жұмыс жасады - деп сұрайды. Зергер:

- Бүгін үшінші күн. Ол әлі жас, ол бұл алмаздың шын құнын білмейді, сондықтан да алмазды екіге бөлген кезде қолы қалт еткен жоқ - деп жауап береді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

kz2015

Рас айтылған әңгіме

Гүлназ

Шынымен да солай, кез келген нәрседе көрдім оны

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмаздың шын құны деген не?

Бұл бетте Алмаздың шын құны тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Алмаздың шын құны материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі басқа материалдар алмаз тақырыбындағы материалдар бриллиант тақырыбындағы материалдар құндылық тақырыбындағы материалдар Ғибратты әңгімелер тақырыбындағы материалдар зергер тақырыбындағы материалдар Алмаздың шын құны тақырыбындағы материалдар maralbek_89 жариялаған басқа материалдар