«ЕЛ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ» саналы ұрпақ тәрбилеп бұзылмастай қамал тұрғыз. Елі деп жүрегі жалындаған жасөспірімдеріміз көп болғай... Елдің іргетасы берік болу үшін ең алдымен бір ту астына жиналып, өзара ынтымақтығымыз сенімді түрде нық болуы керек. Сонда ғана «ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТҰҒЫРЛЫ БОЛМАҚ» бұл баршамыз үшін қайырлы іс болады.
Тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбіт заман демекші, осындай бақытқа жету үшін қаншама қазақ бауырларымыз жанын құрбан етті. Тәуелсіздікке жету қаншалықты қиын болғанымен, қазірде сол тәуелсіздікті сақтап қалу тіптен қиын екеніне күннен-күнге баршамыз көз жеткізудеміз. Тереңіне бойлай түсіндірер болсам, әдетте біздер тәуелсіз елде тұрамыз, бейбітшілік заманында өмір сүрудеміз деп ауызбен айтатын едік... Бірақ жүрекпен сезінбейтінбіз. Ел басына күн туғанда еліміздің, жеріміздің қаншалықты біздер үшін қымбат екенін жүрегімізбен сезінгендейміз. Менің нені меңзегенімді түсінген боларсың Оқырман.
Өткенге зер салар болсақ, сонау өткен ғасырларға емес кешегі өткен бұлыңғыр күнге оралайық. Халықтың ішіндегі мұң-мұқтажы, елдегі орын алған қымбатшылық. Ашынған халықтың бейбіт шеруге аттанауы, бәрі осыдан бастау алды. Халықтың жағдайы жақсарып, барлығы оңынан шешілген болатын. Әйтсе де, ел арасына іріткі салғандар жайбарақат жүргенімен, қаннен қаперсіз жатқан қарапайым халық жапа шекті. Елімізге тұтқиылдан түрлі бағыттағы діни ағымның өкілдері шабуыл жасады. Бұл еліміз үшін күтпеген келеңсіздік жағдай болды. Зертеу нәтижелері көз қуантарлықтай болып тұрған жоқ, яғни бұл террористер елімізді жан-жақты зерттеп, осау тұсымызды табу үшін бірнеше жылдың жүзін сарп еткен. Әрине, еліміз үшін де қарапайым халық үшін де өте ауыр болды. Себебі қала тұрғындарын аяусыз өлтіріп, мемлекеттік қызметкерлерге оқ жаудырып, тіптен алғанда денесімен басын бөлек кескен, әрбір өңірдегі қалалар қызыл қанға боялды. Сондай-ақ қираған қала, тоналған сауда үйлері қараусыз қалған үйлер, түрі суық адамдар бейнесі бәрі-бәрі халықтың ж үрегіне қаяу түсіргені анық. Бұл жайлы ойласам көзіме еріксіз жас келеді... Меніңше, бұлардың бар көздегені еліміздің тәуелсіздігінен, тыныштығынан, ең басты мақсаты қазаққа тән құндылығымыздан айыруды көздеген. Бұндай ел ішіне озбырлық көрсеткен қанды қылмыскерлерді аяусыз азаптау керек. Өйткені жазықсыздан-жазықсыз қаншама азаматтар қаза тапты. Былай айтқанда «Қанға қан, жанға жан»оларда азапты өлтіргенін қалай екенін сезінуі керек. Тағы бір айтатын жайт, халыққын сатқан азаматтар да өз жазаларын алуы тиіс. Қиын кезеңде кемесін тастаған капитандарды да көзіміз көрді. Кімнің-кім екенін ел басына күн туғанда білдік. Өзекті өртеген өкініштің бірі сол. . . .
Жаңа заманның жаңа қаһармандары. Елін, жерін қорғауда аянбай еңбек етіп өз жанын құрбан еткен барша азаматтардың ата-анасына, бауырларына, жарларына қайғыра көңіл айтамыз... Ел басына қауіп-қатер төнген шақта құрбан болған боздақтардың ел есінде мәңгі сақталары айдан анық. ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРЛЕР...
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей біздер бұл қиындықтан да басымызды тік көтеріп алдыға қарай нық қадам жасадық. Бұл жолда мемлекетіміздің Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еңбегі өте зор... Себебі халықтың, еліміздің мүддесін барынша қорғап, әрбір саладағы қызметкерлерге тапсырмалар жүктеп, бәрін қалпына келтіруде. Осы орайда атсалысқан барлық қызметкерлерге, отандастарға алғысым шексіз! Енді елімізді жаңа қадамдар, жаңа реформалар күтуде. Осы орайда дамыған елдердің қатарына қосыларымызға мен сенемін.
Жылымыздың басы ащы басталғанымен, әрбір жылымыз «Қой үстіне, бозторғай жұмыртқалаған»жыл болғай. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, көк туымыз мәңгі көкте қалықтап желбіреп тұрғай. Аспанымыз ашық, күніміз нұрлы, жеріміз шұрайлы, халықымыз кеңпейілді болсын. Қыздарымыз қылықты, ерлеріміз намысты болғай. Барлығымыз бір ту астына жиналып, тәуелсіз елде бақытты өмір сүрейік. Елімізді шынайы патриот жандар басқарсын, бұл менің ғана емес бүкіл халықтың арманы һәм мүддесі. Күшіміз бірлікте. . . . . .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі