Күндердің бірінде мұхит ортасындағы кеме апатқа ұшырап суға кетеді. Кемеден бір адам ғана тірі қалып, ағаш бөлшегінде жатқан адамды толқындар елсіз аралға апарып тастайды. Аман қалғанына шүкір еткен кісі әуелде көмек келер деген үмітпен көкжиекке қараумен жүреді.
Алайда ешқандай кеменің қарасы көріне қоймайды. Кейін жыртқыш аң мен жауыннан қорғану үшін ағаштар мен жапырақтардан шағын үйшік жасайды. Жағадан тапқан кеме қалдықтары мен компас секілді керек жарақтарды жинап, үйіне әкеліп алады. Балық аулап, азықтанып, күндер кезегімен өтіп жатты. Үмітін үзбестен күнде Аллаһу та’алаға құтқаруын тілеп, дұға етіп жалбарынуды тоқтатпайды. Бір күні әдеттегідей тұщы су әкелу үшін аралдың ортасына қарай кетеді. Қайтып келгенінде не көрсін?! Мың бір еңбекке салынып, ішін керек жараққа толтырып жасаған үйі өртеніп жатыр екен. Онсыз да қайғыдан құлазып жүргенде, мына жағдай мұң үстіне мұң қосып еңсесі одан сайын түседі. Осы жабырқаулы күйде бір шетте жатып ұйықтап кетеді. Таң ағара бастағанда жағаға жақындап келе жатқан кеменің гуілінен оянады. Кеме оны құтқаруға келген екен. Келгендерден: «Менің мұнда екенімді қайдан білдіңдер?» — деп сұрағанда: «Сіз жаққан сигналдық түтінді көріп келдік», — деп жауап берген екен.
Демек ұнатпаған нәрсеміз біз үшін қайырлы болуы, ал ұнатқан нәрсеміз жаман нәтижемен аяқталуы әбден мүмкін екен. Біз білмейміз, Аллаһ жақсы біледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі