Қазақ халқының ғалымы Шоқан Уалихановтың есімін бүгінде білмейтін қазақ жоқ болғанымен де, оны толық танып,еңбектерін қызыға оқып жүргендер шамалы. Бірақ оқыған адамға оның берері жетерлік. Өйткені осыдан 2 ғасыр бұрын жазылған орта азия,қазақ халқы туралы, ондағы қоғам,дәстүрі мен сенімі жайлы,қазақтың көз-қарасымен жазылған еңбек жоқ. Публицистика саласын Шоқан өз көз қарасын білдіру, елдегі әділетсіздік пен отарлаушы саясат ұстанғандардың іс әрекетін сынау, халықтың мұң-мұқтажын жеткізу ,өзінің ғылыми жаңалықтар көпшілікке таныту мақсатында қолданды.
Шоқан Уалихановтың Қашқарияға сапары.
Әлемге, Шығыс Түркістан немесе Қашқар деп аталатын өлкені таныстырған Шоқан Уалиханов.Бұл ірі экспедиция нәтижесінде ғалымның абыройы асқақтап қана қоймай, аталып отырған өлкенің саясаты мен саудасы жанданып, тарихи оқиғаларымен тұлғары,мәдениеті мен салт-дәстүрі тарих беттеріне енді. Жалпы 1957-59 жылдары Шығыс Түркістан әлі орыстың не өзге ұлт өкілінің аяғы баспаған жер еді.Бұл дегеніміз - ол өлке жайлы әлем әлі білмейді, бірде бір ақпарат жоқ деген сөз.Міне осы тұрғыдан Шоқанның бұл сапары оның атын ,Қашқарияны әлемге әйгілі етті.
Адольф Шлагинтвейт – бұл неміс саяхатшысы.Ол Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқар өлкесіне экспедияцияға ұйымдастырып,соның нәтижесінде Қашқария билеушісі Уалихан төренің қолынан қаза табады.Бұл оқиғадан кейін Қашқарияға сапар басқа да зерттеушілер үшін қауіпті болады. Байқап тұрғандарыңыздай сол уақытта бұл сапардың бағасы,құны қымбат еді.
Өзінің экспедияциялық тобымен Шоқан бұл өлкеге қызметтік киіммен емес,қарапайым сол өлкенің адамдарыша киініп шығады.Сапарға шығуына негізгі түрткі болған оның білім құмарлығы мен Семень Тянь-Шянскийдің ықпалы. Бұл сапар Шоқан үшін өте табысты болды. Қыркүйек айынан Наурызға дейін 7 ай көлемінде сапарда болып,жергілікті халықтың тұрмысы, салты, өмірі, саясаты мен саудасына қанық болып келді.Онымен қоса ғалым аталынып отырған өлкенің тарихи оқиғаларымен,тұлғалары жайлы көптеген құнды деректер жинастырды.Ол ”Тазкирян Сұлтан Боғра хан” “Туғлуқ Темір хан” “Тазрикян Ходжаган” “Абумүслим Маурузи” жайлы деректер еді. Тарихтағы ірі Қарахан мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғарахан, Алтын орданы құлатқан Тоғлық Темір бұның барлығы қазіргі біз оқып жүрген тарихтың негізін қалайтын деректер. Уалиханов сапарының ең басты натижесі “Қашғардың немесе Қытайдың Нан-Лу(Кіші Бұхара) провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы ” үлкен еңбегі.
Жетісу ,Ыстықкөл ,Шығыс түркістанға арналған “Жоңғар очерктері” , “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Алтыашар немесе Кіші бұхара провинциясы” еңбектері көпшілік қызығушылғын тудырды.Сапардың нәтижесінде ресеймен Қашқар өлкесі арасындағы сауда және мәдени байланыстар орнады.Уалихановтың қолына шығыстың сирек кездесетін қолжазбалары тиді.Петерборға қайта барғанында Шоқанға деген құрмет өте жоғары болды.
Тәңірі құдай.
“Тәңірі құдай” деп аталатын Шоқан Уалихановтың бұл еңбегі меніңше ең қызықты, таңқалдырарлық еңбектерінің бірі.Онда қазақтардың көпке айтыла бермейтін ежелгі сенімдері, оның тарихы ,мән мағынасы толыққанды келтірілген.Табиғи жаратылыстың барлық тосын құбылыстарына ерекше көңіл аударып,жан жағын зерделей жүрген халық, көп нәрсенің сырын ұғына білген.Шоқан Уалихановтың айтуынша шамандық белгілер қазақтардың тұрмысында, күнделікті өмірінде үлкен мәнге ие. Тіпті ислам дінін ұстанған кейбір адамдар , көк-тәңірі,отпен емдеу,аруақ ұғымдарына үлкен сеніммен қарайды.Онда жын, пері, албасты, сөрел,көн аяқ, жезтырнақ,жауырыншы т.б тылсым мақұлықтар мен жайттар жайлы тың деректер кездеседі. Әрбір бақсының өзіне үйретілген,бағынышты жыны болады екен.Ол яғни бақсы алдына келген адамның барлығына сол жыны арқылы көмек көрсетіп отырған. Ондай адамдарды балгер деп те атайды. Халықтың айтуынша Бақсылардың бақсысы Бағаналық Қойлыбай болған. Қойлыбайдың алдында бірде бір жын, пері, албастылар тұра алмайтын көрінеді.Тіпті толғатып жатқан үйге Қойлыбайдың бір затын жіберсе болғаны,ол жерге түрлі ыбылыстармен албастылар жоламайды екен.Мұның бәрі де ел аузынан естігендерім, дейді ғалым.
Шоқан Уалихановтың қазақ даласындағы ислам дініне білдірген пікірлері мүмкін осының негізінде болды.Ғалым ,“қазақтар мұсылмандар,бірақ шамандық ырым сенімді ұстайды” дейді. Тағы да бір сөзінде “Қазақтардың арасында Мұхаммедтің(с.а.с) атын білмейтіндері көп,және біздің бақсыларымыз қырдың көп жерлерінде өздерінің мәнін жоғалтқан жоқ” дейді.
Шоқан Уалиханов мол тарихи мұра қалдырды.Оның халқымыздың этнографиясы мен тарихы туралы зерттеулері мен мақаларының бүгінгі күнге дейін ғылыми маңызы зор.
Закиров Омар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі