Өлең, жыр, ақындар

Азамат болу парызым

Ең бірінші «азамат» деген ұғымның мағынасын терең түрде түсіну керек.  Мен үшін, азамат деген ол әрқашан өмір сүру барысында үлгі - өнегеге толы ғұмыр сүріп, елі үшін, жері үшін аянбай тек төккен патриот тұлға деп атар едім және ол тек еліне ғана емес, отбасына да, келешек ұрпаққа да ең үлгілі болатын адам. Азамат болу барлығымызға жарасатын абырой деп ойлаймын. Өйткені былай алып қарасақ, әрбір адам өзінің ғұмырлық жолында тек жақсы естеліктер қалдырғысы келеді. Осындай абыройға жету әр адамзат баласының мақсаты деп білемін! Енді осындай абыройға жету үшін бізде ең бірінші біздің бойымызда қандай қасиеттер болуы шарт, соған тоқтала кетсек:

Ең бірінші – еліне деген патриоттылығы, оған дамуына деген қосқан өзіндік үлесі  титімдей болса да керек. Өйткені барша адамның жадында тұратын басты құндылық, елінің қауіпсіздігі және бұл тек адамның ғана емес мемлекеттің құндылығының ең алғашқы сатысы болып табылады.

Екінші – білім. Расында дәл қазіргі заманда білімсіз, оқусыз күнің қараң деген сөз дөп айтылып тұрғандай. Біз білімді болсақ, еліміздің де сауаты ашық адамға бай болып, дамынған отыз елдермен бәсекелес болмақ түгілі, басып озуымызға да зор сенімім бар. Оқу туралы тек біз ғана емес тіпті бізге дейінгі сонау ислам дәуірінің атақты ғұламаларынан бастап, сонау 20 ғасырдағы «ел азаматтары» деп санауға әбден лайық Ахмет аталарымыз, Алаш туын желбірете ұрандаған Әлихан атамыз, «Оян қазақ» деп ұрандатқан Міржақып аталарымыздың да ауыздарынан естігенбіз. Осы орайда маған оқуға мотивация беретін Мағжанның сөзін айта кеткім келеді:

Жатпалық, жастар, жатпалық,
Жасқанба, жолың ашылсын.
Бақшасында халықтың,
Бұлбұл боп тілің сайрасын...

Ал ендігі кезекте нағыз азаматта оның отбасына деген, өз-өзінің дамытуына деген қосқан үлесі жатады дер едім. Отбасымыздағы бауыр-қарындастарымызға үлгі болып,  оларды жаман әрекеттен аулақ бол деп, әрқашан жақсы қасиеттерді құлақтарына құю. Оларды ешкімнің ренжітуіне жол бермеу. Ендігісі - өзі күнделікті дамуы. Пенде болған соң, нәпсіні тыя алмай, өзімізді жалқау өмірге үйретіп аламыз, тіпті қарапайым ауырған кезде де өзіңді қолға алып, әртүрлі негатив сені рухани түрде әлсіретпеуіне  баса назар аударуың керек. Уақытыңды сарала, сарапта! Біз асықпағанымызбен уақыт өз әмірлігін жоғалтпайды. Алтын уақытты бей берекет шашпай, дұрыс және ұтымды пайдалану да тек нағыз азаматтың ғана бойынан табылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз