Өлең, жыр, ақындар

Жастар елдің ертеңі

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі—
Пайдалан шаруаңа жараса,алаш!

М. Дулатұлы

Соңғы демі үзілгенше халқының қамы деп, елінің көзін ашу үшін аянбай тер төккен ұйқыда жатқан алашын ояту мақсатында «Оян, қазақ!» деп жарияға жар салған Міржақып Дулатұлының қазақ әдебиетінде,тарихында және журналистикасында алар орны ерекше. Ол өз алашы үшін аянбай еңбек етіп, ұстаз, баспагер, ақын, жазушы, аудармашы ретінде республикаға танылды. Сол бір ауыр аласапыран кезеңдегі еліміздің зиялыларының жағдайы барша жұртқа аян. Аяғын шалыс басса болғаны олардың жабуға жаласы дайын тұратын еді Дәл осындай себептермен М.Дулатұлы бірнеше рет абақтыға жабылған бірақ ақталып шығып өз жұмысын мойымай қайта жалғастырған. Қандай қайсарлық десеңізші. Ол жастарға да көп көмектескен жастардың көзін ашу мақсатында, ояту мақсатында үнемі өлең мен мақалалар жазып отырған. Әне жалынды жастарды қасына ертіп таныстырып жүрген соның бірі И. Байзақов екен “Міржақып Дулатов - Алаштың Жарық Жұлдызы” атты кітапта Иса Байзақовтың өнерге келу жолындағы таныстыруда Міржақып Дулатұлының себепкер болғанын, ол кісі әрқашанда жастарға қоллау көрсетіп қамкорлық көмек көрсететіні туралы жазған. Одан бөлек оның жастарға сеніп артып үлкен үміт артқанын өзінің “Жастарға” атты өлеңінен де байқауға болады. Орыстың отаршылдығына шыдап найзамен түртсе де оянбай жатқан қазағына налып, жастарға үміт артқан. Мұның себебін былай түсінуге боладысол замандағы қазақ халқының үлкен әлеуметтік мәселесі білімнің саяздығы еді. Ал жастар алаулаған жалын емес пе? Алаулап тұрған шағында білімге құмарты көкірек көздерін ашса халыққа бас болып,оятар деген үмітпен жазылған өлең секілді. Жастар қай кезде болмасын болашақ қой. Олар сол болашақ қоғамды қалыптастырушы олардың көздері ашық болса елдің хал-ахуалы әлдеқайда жақсырақ болмақ деген үміттемін. Ол кездегі саясат халық қаншалықты қараңғы болса соншалықты билеп төстеу оңай болады деген соқыр сенім ғой. Ал сол саясатты жою тек жастардың қолында екенін Міржақып Дулатұлы білген секілді. Сол кездегі қай зиялыны алсақ та жастарға сеніп артып қолдау білдірген сол сезімдерін өлең арқылы жеткізген. Ақтық демдері қалғанша күресіп, тәуелсіздікке қол жеткізген. Ал енді сол сенімді бүгінгі күннің жастары ақтай алады ма?

Әлімбекқызы Анэль әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз