Жалпы ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамын түзету, орыс бодандығынан алып шығудың бір ғана жолы болған. Ол халықтың санасы өсіру, рухани жетілдіру. Әр адам өзін, одан кейін айналасын, ұлтын танығанда ғана дұрыс әрекет ететінін ол заманда бізден жақсы түсінген. Сол үшінде қазақ зиялылары газет, журналдар мен парақшаларды таратып отырған. Мұхаметжан Сералиннің күйініштен туған “Айқап” журналы, өз уақытындағы қазақтың жіберген әттегенайларын тізіп отырған.
Журнал редакторы Мұхаметжан Сералин. ХХ ғасырдың басындағы қазақтың көшін бастаушы, ұлтқа бағыт-бағдар беруші тұлғаның бірі болған. Ол 1871 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында туылған. Троицкідегі медреседе білім алған. Кейін білімін Қостанайдағы орыс-татар мектебінде жалғастырған. Редакторлық қызмет меніңше қолы өте ұзын қызмет саласы. Мен оны екі мағынада көре аламын. Мысалға тура мағынада ол мәтіннің мәні мен орфографиялық қателіктерін жөндеп отырса, екінші жағынан сол мақала арқылы қоғамның қателіктерін жөнге салады. Осыдан келіп Мұхаметжан Сералин қазақ қоғамнының редакторы десекте артық болмас.
Сол замандағы қазақ зиялыларының барлығының айтқаны бір сөз болған. Ол - қазақты ұйқысынан ояту. Енді сұрақ туындайды, ол қашан ұйқыға кетті, және қашан оянды. Негізі әрбір адам өзінің ұйықтаған уақытын ұмытып, ал тұрған уақытын жатқа біледі. Сол секілді қазақтың ұйқыға кеткен уақытын нақты топшылау қиын. Бірақ оның бір оянған уақыты 1917 жыл. Егерде сол уақыттағы оянған қалпымен қазақ ары қарай кеткенде, ешқандай ашаршылықпен пен репрессия болмағанда, бүгінде бәрі басқа боларма еді.
Мұхаметджан Сералин қазақ журналистикасының атасы деген сөз кездеседі. Бұл сөз айтылуының да себептері жетерлік. Журналдың басылымының сапасы өте жоғары, мазмұны мен тақырыбы терең болған. Енді ойлап қарасақ, арнайы оқу орнында білім алмаған Сералиннің мұншама үлкен жетістікке жетуіне не себеп. Қазірде шет елдің барлығында оқып келген, түрлі-түрлі дисертация қорғағаны бар барлығы неге Сералиннің деңгейіне бара алмайды? Өйткені Мұхаметжан Сералин еліне қызмет еткен, өзінің ішкі түйсігіне сүйенген деп ойлаймын.
“Егемен Қазақстан”, “Ауыл”, “Айқап” секілді газеттердің негізін қалаушы, редакторы болған Мұхаметжан Сералинге бүгінгі ұрпақтың жаудырар мадағы мен айтар алғысында шек болмауы тиіс деп ойлаймын. Өйткені ол кісі қазақ қоғамының редакторы.
Закиров Омар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі