Өлең, жыр, ақындар

Білім беруді жаһандандыру

ҚазҰУ еліміздің жетекші университеті ретінде мемлекетіміз алға қойған әлемнің ең үздік 200 университетінің санатына ену бойынша маңызды мемлекеттік міндетті жүзеге асыру үшін мақсатты түрде жұмыс істеуде

ҚазҰУ өзге де беделді халықаралық рейтингілерде қарқынды серпіліспен алға жылжуда. «Times Higher Education» Британдық агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ Орталық Азияда алғаш болып әлемдегі ең үздік ЖОО-лар тобына кірді. «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингінде ҚазҰУ 172 орын алды, Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА» бағасына иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының тобына енді. Танымал халықаралық «Great Value Colleges» (АҚШ) ұйымының зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған университетінің ішінде 31-ші орынды бағындырды.

Философия және саясаттану факультеті – гуманитарлық және қоғамдық-саяси ғылымдар көшбасшысы болып саналады. Олай дейтін себебіміз, әлемдік алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен бірлескен қосдипломдық бағдарламаны бакалавр және магистратура студенттері қолдана алады. Сонымен бірге, магистранттар мен доктаранттар шетелдік іс-сапарға шығып ғылыми тағылымдамадан өтуге міндетті. Бакалавр дәрежесінде бітірушілерді жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қатысуымен жиналыстар өткізіліп «Ваканциялар жәрмеңкесі» өткізіледі.

Факультеттің ғылыми бағыттары қызметі мәденеттану,дінтану, философия  салаларының өзекті мәселелерінің кең ауқымын қамтиды. Яғни ғылыми ұйымдар және мекемелермен байланыс орнатып, ғылыми конференциялар өткізіледі.

Қазіргі күнде Қазақстан Республикасы бойынша магистранттар мен докторанттардың саны жағынан ҚазҰУ  көшбасшы болып тұр.

Ержанов Еркебұлан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің 2-курс докторанты


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз