Өлең, жыр, ақындар

«Алатау дәстүрлі өнер театры» және Наурыз мейрамына арналған ән-кеші

5 жылдан астам уақыт бұрын ашылған «Алатау дәстүрлі өнер театры» халық жүрегіне, әсіресе жастар жан-дүниесіне дәстүрге деген махаббатты сіңдіруде. Орталық Азияның жалғыз дәстүрлі өнер театры қауым арасында мәдени орталыққа айналғаны сөзсіз айқын. Бұған түрлі спектакльдер, қойылымдар, ән-жыр және де ойын-сауық кештері дәлел бола алады. Театр қабырғасында 60-тан астам әртістер мен өнерпаздар жұмыс жасап, мекемеде көптеген тақырыптық апталықтар өткізіледі. Театр қызметінің негізгі бағыты қазақ халқының шығармашылығын дәріптеу болып табылады. Соның ішінде үлкен зейін балалар мен жастарды өнер мен дәстүрге бейімдеу.

Түркия еліндегі Стамбул қаласында мол қошеметке ие болған «Алтыбақан» алып ойын-сауық кешін өткізген театр, жаңа да ауқымды «Наурыз Думан» қойылымына бар зейінмен кірісті. Белгілі айтыскер, суырып-салма ақыны Ринат Заитов жетекшілік еткен бұл өнер мекемесі дүбірлі мерекеміз, Наурыз мейрамына қызу дайындық үстінде. Наурыз айының 18 жұлдызында дәстүрлі өнер театры халқымызды құттықтай отырып, «Наурыз-думан» атты кешін ел назарына ұсынбақ. Атаулы концертте алуан түрлі әншілер мен бишілер қазақ жерінде Жаңа Жыл мерекесінің қалай тойланатынын суреттемек. Құлақ құрышын қандыратын ән-жырлар, дәстүрлі, көркем қимылды билер және адамның көңілін көтеретін ұлттық ойындар орын алады.

Есенқұл Арайлым

Қазақ-Америка университеті студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер