Еліміздің ең құнды байлығы – ол біздің тарихымыз, салт-дәстүріміз, тіліміз және дініміз. Өз дәстүрлері мен құндылықтарын жоғалтпай, үнемі жаңаруға, жетілуге, бәсекелес басымдықтарды күшейтуге ұмтылғандардың өз болашағына үміті бар.
Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Ұлттық құндылықтар ел, жеке адам бойынан көрінетін рухани тереңдік, сезімталдық, атамекенге, қоғамға жақындық, жанашырлық, қанағат, әдеп пен төзім, имандылық, тарихты білу, діни сауаттылық, дәстүр шеңберіндегі әдепке бағыну, әділетті, шынайы болу, еңбекқорлық, табандылық, ер мінезді болу аясында ұлттық сананы құрайды. Ұлттық сананы иелену үшін адамда алдыменен тарихи сана болуы қажет. Қазақ қоғамында тарихи сана ұрпақтың танымында тарих тағылымының насихатталуы арқылы қалыптасып отырған.
Қазақтың өмір сүру тәжірибесі Отанға деген сүйіспеншілікті, елдегі ынтымақтың түп-тамырын құрайды. Қазақ халқы жарасымды дәстүр-салтымен рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық және ұлттық сана-сезіммен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырады.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім – тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық». Адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту, сонымен қатар келешек ұрпаққа ұлттық құндылықтарды мұра етіп қалдыру біздің міндетіміз. Рухани құндылықтарына, мәдени мұрасына eрeкшe мән бeргeн eлдің іргecі бeрік, кeлeшeгі кeмeл болмақ.
Тарихи тұрғыда халықтың ұлттық өзіндік санасы ұлттық мәдениеттің тарихи құндылықтары және әлемдік мәдениеттің даму бағыттарының негізінде қалыптасады. Оны ұлттық шекара, мәдениет, тіл және өткен тарих туралы көзқарастар мен пайымдаулар құрайды. Тарихи жады – ұлт қауымдастығының және ұлттық жауапкершіліктің көзі. Өткен өмір сабақтарын есте сақтау, ата-бабаларды үлгі тұту және ұрпақ алдында жауапкершілікті сезіну – бұлар тарихи жадының ұлтты біріктіретін маңызды қызметтері болып табылады.
Рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік. Ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізеді. Жаһандану дәуірінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, әрі сақтау және оны насихаттау халқымыздың жарқын болашағына жол ашады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
1-курс магистранты Танаш Салтанат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі