Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - әлемнің ең үздік университеттері қатарында

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - Қазақстан Республикасының ең алдыңғы қатарлы оқу орны болып саналады. 1934 жылы құрылғаннан бастап отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби ғылым мен педагогикалық мектептердің негізін қалады. Университеттің әрбір түлегі қоғамнан өз орнын тауып, өз мамандықтарының көшбасшыларына, танымал саясаткерлерге, журналисттерге және қоғамдық қызметкерлерге айналды. Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын жүзеге асыру барысында университет басшылығы білім беру саласында айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізді.

                                            

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларға алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім мен ғылымның ордасы. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Сонымен қатар университет тәжірибе жүргізу мен студенттермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік университеттер арасында өз беделін арттыра түсуде. Жаһанға танымал QS World University Rankings халықаралық рейтингісінде әлемнің ең үздік университеттері арасында жүйелі түрде жоғарғы орындарға жыл санап жылжып отыруы университеттің дұрыс бағытын айқындай түседі. 2020 жылғы рейтингке сәйкес ҚазҰУ әлемнің ең үздік үниверситеттері арасында 207 орынға орналасты. ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енген.

                                            

QS World University Rankings - білім және ғылым саласындағы жетістіктердің көрсеткіші бойынша әлемдік маңызы бар ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингісіне ілесе жүретін жаһандық зерттеу. Аталған халықаралық рейтинг бүкіл әлемде білім сапасын бағалаудың тамаша құралы ретінде танылған. Рейтинг нәтижелері алты индикаторға негізделеді: ғылыми зерттеулер саласындағы беделділік; оқытушылар құрамының студенттер санына қатынасы; жұмыс берушілер арасындағы университеттің беделі; дәйексөз индексі; шетелдік студенттердің үлесі және шетелдік оқытушылардың үлесі. QS World University Rankings халықаралық рейтингісі университеттердің ең беделді халықаралық рейтингтерінің үштігіне кіреді және бұл тізімге ену университеттің жұмыс сапасын халықаралық дәрежеде мойындалғанын білдіреді.

Дүйсембайұлы Дидар - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., пpофеccоp Жapқынбaевa P.C.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз